Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жапонияда якудзалар жанжалынан соң полицейлер оқушыларды шығарып салуда

“Кобе Ямагути-гуми” тобының штаб пәтері орналасқан Мито қаласының оқушыларын осылайша полицейлер мен мұғалімдер өз қарамағына алған.

11245579

Бұл туралы Қазақстан жаңалықтары хабарлаған.

Жексенбі күні ғимаратта атылған 5 оқ табылған еді. Ал, сенбі күні штаб пәтері жанында тұрған қарсылас “Ямагути-гуми” тобының жүк көлігі шабуылдық әрекеттерге барған болатын. Мектеп оқиға болған жерден 50 метр жерде орналасқан. Оқушылар сабақтан соң да үйлеріне полицейлер мен мұғалімдердің қарайлауымен қайтады.

Жапонияда “Ямагути-гуми” мен “Кобе Ямагути-гуми” топтарының араздығына байланысты Кобе қаласының оқушыларын мектепке полицейлер мен мұғалімдер қарауылдап апарады.

Жексенбі күні полицейлер “Ямагути-гуми” тобының 4 адамын және “Кобе Ямагути-гуми” тобының жетекшілерінің бірін ұстаған. “Ямагути-гуми” тобының адамдары келесі топтың жетекшісінің көлігіне шабуылдық әрекеттер жасаған.

“Ямагути-гуми” тобы тамыз айында Жапонияның 23 мың адамнан, яғни, 43 пайыз якудзаларды құраған ірі топ негізінде құрылған. Топтан 3 мың адам бөлініп шығып, жаңа “Кобе Ямагути-гуми” тобын құрған. Олар 6 мың адамды құрайды. “Ямагути-гуми” тобы 2014 жылдың аяғынан бері 9 мың адамынан айырылған.

Талқылау