Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жапония парламентінің депутаты Барак Обамада “құлдың қаны бар” деп шу шығарды

Жапонияда парламент депутаты Кадзуя Маруяманың мәлімдемесі қоғамда үлкен шу тудырды. Ол АҚШ президенті Барак Обаманың тегінде “құлдардың қаны бар” деп мәлімдеген.

10359517_572171916256010_2456971890563148334_n

Сурет әлеуметтік желіден алынды

Бұл туралы lenta.ru сайты хабарлайды.

Оппозиция Либералдық-демократиялық партия өкілінің айтқанын нәсілдік кемсітушілік деп бағалап, оны парламенттен қууды талап еткен. Демократиялық партия заң шығарушы органға арнайы қарар дайындап, отставкаға жіберуін сұрамақ.

Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ бейсенбі күні ЛДП жетекшілерімен шұғыл жиын өткізіп, партияның бас хатшысы Садакадзу Танигакиге ішкі тәртіпті қатаң қадағалауды тапсырды. Оның сөзінше, кез-келген орынсыз сөз, оппозицияның саяси шабуылға шығуына мүмкіндік беріп қоюы мүмкін.

17 ақпан күні Маруяма парламенттік комиссия жиналысында сөз алып, АҚШ-тың саяси жүйесі туралы пікір айтқан еді. “Қазіргі АҚШ президенті қара нәсілді адам. Оның өн бойынан құлдықтың қаны тамып тұр. Бұл оның құл тегінен шыққанының белгісі”, – деген еді ол. Мұнан соң, депутаттар қарсылық білдіріп, оның өз сөзін қайтып алуын талап етіп, жиын соңы дауға ұласқан.

Маруяма парламенттің жоғарғы палатасының депутаты және ЛДП-ның заңгерлік бөлімін басқарады. Ол Вашингтон штатындағы жоғарғы мектепте білім алған. АҚШ тарапынан Маруяманың мәлімдемесіне қатысты қандай да бір түсінік берілген жоқ.

Барак Обама – АҚШ-тың алғашқы қара нәсілді президенті. Оның әкесі Барак Хусейн Обама – Кенияда тәлім алған. Ал анасы Стэнли Энн Данхэм – ақ түсті америкалық. Ол ғалым-антрополог болып қызмет еткен.

Талқылау