Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жапония 2025 жылы “елес-кораблдерді” мұхиттарға аттандырмақ

Жапон жүк тасымалдаушылары кеме жасаушылармен бірігіп өздігінен бағдар жасай алатын, бұйрық беріп басқаруды қажет етпейтін жүк кораблдерін жасап шығуға кірісіп кетті.

_96432117__96415566_gettyimages-470569733

Бұл туралы BBC орыс қызметі хабарлайды.

Мұндай кораблдер жасанды интеллектің көмегімен басқарылады. Осы арқылы кеме ең қысқа, қауіпсіз және энергияны аз шығындайтын бағдар жасай алады. Ол 2025 жылы суға түсіріледі деп күтілуде.

Жасанды интеллект техникалық қателіктер туралы да алдын ала хабарлап, қауіп-қатерді сейілтіп отырмақ. Компания қазіргі кеде 250-ге жуық басқарушысы жоқ корабль жасап шығаруды жоспарлауда. Мұндай технологиялардың құрастырылуы 100 миллион доллардан астам қаражатты қажет етеді.

Жаңа буын кораблдерін құрастырып жатқан Nippon Yusen компаниясы бұрын да анализдер мәліметі арқылы апатты сезініп бағалай алатын кораблдер құрастырумен айналысқан болатын. Олар енді норвегиялық DNV GL компаниясымен тізе қосып жұмыс істемек.

Japan Marine United деп аталатын кеме құрастырушы компания да бұрын “ақылды” кораблдер жасаумен айналысып көрген. Компания құрастыран мәліметтер анализі бойынша, корабль алда болатын техникалық апат туралы алдын ала хабарлайды.

Британиялық Rolls-Royce компаниясы да адамды керек етпейтін судағы жүк кемесі туралы жария етті. Компания мәліметінше қашықтықтан басқарылатын алғашқы моделдер 2020 жылы шықпақ. Оның негізгі функциялары автоматтандырылғанымен, бәрібір капитан болады екен. Ол корабль жұмысын бақылап, қиын жағдайда басқаруды өз қолына алады.

Оқи отырыңыз:

Алла Пугачева немересінің тойына құны миллион доллар тұратын зәулім үй сыйлады

Өзбекстанда президентті мақтауға тыйым салынды

Полицейлер мотоциклшіге көшеге шашып алған 60 миллион теңгесінің жартысын жинап берді

Зағип жігіт ақылды көзілдіріктің арқасында өз әйелін көрді (видео)

Талқылау