Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жапондық каратэші қарт еш қарусыз алып аюмен алысты

Жапондық қария еш қарусыз, жалаңаш қолмен аюды жеңді. Бұл туралы 2 қыркүйек күні The Mainichi басылымы жазды.

аю
63 жастағы каратэ бойынша қара белбеудің иегері Гума провинциясы маңындағы өзеннен балық аулап отырған. Оның қолында ешқандай да қаруы болмағандықтан орман арасынан шығып, өзіне шабуыл жасаған аюмен төбелесуге мәжбүр болды.

Қария аюдың көзінен дәлдеп бірнеше мәрте соққы берген. Осыдан кейін жарақат алған аю орманға қарай қашуға мәжбүр болған.

Аю да балықшыны тістеп, тырнап айтарлықтай дене жарақатын салған. Дегенмен қария ауруханаға өзі барған.

Жергілікті билік өкілдері сол аумақта аюлар халықтың егіні мен малына жиі шабуылдап тұратынын айтқан. Бірақ, бұған дейін ешқашан адамдарғаайбат көрсету оқиғасы тіркелмепті. Осы оқиғадан кейін халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бірнеше жұмыс қолға алынған. Жергілікті аңшылар қақпандар қойып шыққан.

Осы жылдың маусым айында Акита провинциясында аю адамдар тобына шабуыл жасаған еді. Белгілі болғандай аю төрт адамды сол жерде тістеп өлтірген еді.

Талқылау