Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жапондардың әлемді таң қалдырған заттары

Егер жолыңыз түсіп Күншығыс еліне барып жатсаңыз, төменде көрсетілген заттарды міндетті түрде іздеп көріңіз. Өйткені олар тек Жапонияда ғана кездеседі.

OnlyInJapan19

Жапон елі техниканың дамуы жағынан әлем елдерінен бір қадам алда тұрғаны белгілі. Географиялық орналасуының тиімсіздігі және табиғи жағдайларының орын алуы күншығыс елінің зерек әрі ынталы болуына ықпал етті.

OnlyInJapan10

Жапонияда әйел адамдар ябеа деп аталатын жасанды тістерге өте құмар. Олар осы тісті салдыру үшін жүздеген доллар ақша жұмсауға дайын.

OnlyInJapan01

Жапонияда 126 миллионнан астам адам өмір сүреді. Сондықтан бұл елде орын тапшылығы басты мәселеге айналған. Мұнда сауда орындары секілді адам көп келетін орындарда осындай көлік тұрағы орналасқан.

OnlyInJapan03

Қатты жел соғып, жаңбыр жауғанда кәдімгі зонттың ешқандай пайдасы болмай қалады. Сондықтан жапондар осынай суперзонт ойлап тапқан.

OnlyInJapan06

Батыс елдерінде жұмыс орнында ұйықтау тәртіпсіздік деп саналып, ол үшін сөгіс жариялап жатады. Ал, жапонның бизнес мәдениетінде көп уақыт жұмыс істегендіктен қызметкерлерге жұмыс орнында ұйықтауға рұқсат береді. Бұл Жапонияда инемури деп аталады. Көп жұмыс істеп шаршаған адамның кейпінде көрініп, басшысының көзіне түскісі келгендер де осындай әрекетке барады екен.

OnlyInJapan09

Жапондықтар көп жұмыс істегендіктен метро ішінде түрегеп тұрып та ұйықтай береді. Сол үшін метрода арнайы басын ұстап тұратын құрылғы орнатылған.

OnlyInJapan14

Баланы еденге жіберсенің барлық жерді киімімен сүртіп шығатыны білесіздер. Сондықтан жапондар балаға арналған еден сүртетін мата секілді киім тігіп шығарады.

OnlyInJapan15

Сынбау үшін заттардың сыртына оралатын шар тәрізді жарылғыш қаптаманы барлығы жаруға құмар. Соның орнына жапондар арнайы жарылғыш шар жасаған. Оларды басқан сайын қайта ауа жиналып, қайта-қайта жара беруге болады.

OnlyInJapan16

Әлемдегі ең кішкентай эскалатор More’s әмбебап дүкенінде орналасқан. Оның 5 сатысы бар. Ұзынды 83 см. Ал, кейбіреулер болса, америкалықтарды жалқау елге теңеп жүр.

OnlyInJapan17

Жапонияның Аокигахара орманы «өзіне қолжұмсаушылардың орманы» деп аталып кеткен. Мұнда ағаштардың нығыз өскені соншалық, ішке жел өткізбейді. Үнемі тыныштықта тұрады. Сондықтан осында өзіне қол жұмсау оқиғалары жиі болып жатады. Жыл сайын 100-ге жуық адам осы орманда өмірімен қош айтысады екен.

OnlyInJapan19

Әйелі не дос қызы жоқ ер адамдар үшін осындай жастықтар сатылады

OnlyInJapan20

Сондай-ақ, жалғызбасты әйелдерге арналған жастықтар да бар

OnlyInJapan21

Бұл елде сыра бөтелкелерінің сыртынан осындай белгілерде аңғаруға болады. Брайль қарпімен жазылған белгілер зағип жандардың оқуына арналған. Жапонияда көзі көрмейтін жандар үшін де осындай бастамалар қолға алынған.

OnlyInJapan22

Жол кептелісінің орын алуы себепті жапондар көбіне велосипедпен жүреді. Халық көп жүретін орындардың тұрағынан осыншама велоспедті көруге болады.

OnlyInJapan23

Жапондардың мұндай унитаздарында су ағызу кезінде адамның дәрет алуына мүмкіндік бар.

Талқылау