Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жапондар балаларға жәбір көрсетуден рекорд жасады

Былтырғы жылы Жапонияда балаларға шектен шыққан қаталдық көрсету бойынша 103 мың жағдай тіркелген. Егер, статистиканы ақтаратын болсақ, бұл тарихтағы ең жоғарғы көрсеткіш екен.

ьтим

Фото: viewout.ru

Көбінесе балаларға психологиялық қорлау әрекеттері жасалады екен. Мұндай зорлыққа 48,6 мың бала тап болса, 28,6 мыңнан астамы физикалық күштеудің құрбанына айналған.

Ал 1,5 мың балаға сексуалдық зорлық әрекеттері жасалған. Бұл елде 24,4 мың бала ата-ана назарынан тысқары қалып отыр. Былтырғы жылдың шілде айында елде өздерінің қиындықтарын айтып балалар хабарласа алатын арнайы желі ашылған еді. Бір жыл ішінде онда 29 мың телефон қоңырауы келіп түскен.

Талқылау