Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жапондар адымдап жүрсе де құламайтын орнықты робот жасады (видео)

Alphabet меншігіндегі жапондық SCHAFT компаниясы жасап шыққан бипедальдық робот таныстырылды. Құрылғының мүмкіндіктерін Токиода NEST 2016 конференциясында аясында өткен таныстырылым кезінде жария етілді.

робот-жапон

Онда көрсетілген видеороликте роботтың жерде жатқан құбырларды аттап, құламай тепе-теңдікті сақтап жүргені көрінді. Тепе-теңдікті сақтаудың осындай жүйесі роботқа тастарды аттап өтуге, қармен, ойлы-қырлы жерлермен жүруге мүмкіндік береді. Аталмыш робот өзімен бірге 60 келіге дейін жүкті көтеріп алып кетеді.

Адымдап жүретін роботтар үшін құламай, тепе-теңдікті сақтау күрделі мәселе. DARPA Robotics Challenge-ге қатысқан заманауи гуманоидтық роботтардың өздері тепе-теңдікті сақтай алмайды, кейбірі тегіс жерде сүрініп. құлап жатты.

Талқылау