Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жапон соты ажырасқан әйелдерге бірден тұрмысқа шығуға рұқсат етті

Соттағы жаңа заң  ұлкен талқыға ұласты. Сот арқылы жаңадан ажырасқандардың бірден тұрмысқа шығып кетуі жайлы заң қайтадан қаралатын болды. Себіб, бұндай мүмкіндікті қоғам белсенділері дұрыс емес деп есептейді.

жапон отбасы

Жапоняның жоғары соты 1898 жылы қабылданған заңда, әйел адам заңды түрде ажырасқаннан кейін алты ай аралығында қайта тұрмысқа шығуына рұқсат етілмейтінін айтқан.

Екі ғасыр бұрын қабылданған заңның негізгі мақсаты, әйел ажырасқаннан кейінгі алты ай ішінде бала туылатын болса, әкелік құқыққа қатысты даудың шығуынан сақтау екен.

Замануй тәжірибе бойынша ол елде қазір  әйел ажырасқаннан кейін жарты жыл ішінде бала дүниеге келетін болса оның әкесі ретінде әйелдің бұрынғы күйеуі есепке алынады. Ал,  баланың биологиялық әкесі  нәрестені заң бойынша асырап алу құқығын алады. Себебі, сол аралықта олар заң бойынша некеде тұрмағандықтан бала бірден өз әкесінің атына жазылмайды.

Жаңадан қабылданған үкімді көпшілік ұзақ әрі үлкен талқыға салған. Азаматтардың қарсылығынан кейін құқықтық орган бұл шешімнің өзін қайта қарауға мәжбүр болып отыр.

Жапон азаматы осы мәселені көтеріп құқықтық органды сотқа берген. Ол өз сөзінде әйелдерді бірден тұрмысқа шығуға шектеу  ел конституциясындағы  ер мен әйелдің құқығы тең деген заңға қайшы деп көрсеткен.

Заңды бұрынғысынша қалдырғысы келетіндер медицина дамыған уақытта баланың әкесін қанына қарап ажырату мүмкіндігі барын ескертеді. Егер әйелдер бірден тұрмыс құрып ол сол сәтте заңдасып кететін болса шатасушылық тудырады деп есептейді.

 

Талқылау