Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жапон қызы: Домбыраның ғажап үнін алғаш тыңдаған кезде көз жасыма ерік бердім

Жапон қызы Нарушима Минами қазақтың дәстүрлі әндері мен күйлерін күн сайын тыңдаудан жалықпайтын жан. Бір қызығы ол қазақ халқының өнерімен бертінде ғана танысыпты. Ол ұлттық өнерге құр қызығып қана қоймай, жыршы-жыраулар шығармаларын, ұлттық аспаптарды зерттеумен де айналысады екен.

6556

Бұл туралы “Егемен Қазақстан” басылымы жазады.

“Қазақтың өнер әлеміне деген құшт­ар­лығым студент кезде, 2005 жылы бас­талған. Теледидардан Жібек жолы ту­ралы деректі фильм көрсетіліп жатты. Соның ішінде Қытайдағы Шынжаң өлкесін мекендейтін көшпенділер өмірі маған ерекше әсер етті. Айналасы тұнған сұлулық, жазиралы кең дала, жасыл алқап. Моңғолдың үйіне ұқсас киіз үйде топ кісі отыр. Бұлар моңғол емес, қазақ екенін жүргізуші хабарлады. Мен өмірімде алғаш рет ғажайып мәдениеттің иесі қазақ деген ұлттың бар екенін білдім”, – дейді ол.

Оны қазақ пен жапон халықтарының сырт келбет ұқсастығы, қазақ қарияларының атпен еркін шабуы, сосын домбыраның көркем үні қатты таңғалдырған. “Домбыраның ғажап үнін алғаш тыңдаған кезде көз жасыма ерік бердім” дейді.

Домбыра десе ішкен асын жерге қоятын Минами пианинода ойнауды жақсы меңгерген. Бірақ, домбыраға деген махаббатым бүкіл аспаптан жоғары тұрады дейді. Төріне домбыра іліп қойған жапон қызы, келешекте күмбірлетіп күйді еркін тарта алатын дәрежеге жеткісі келеді. Ал күйшілердің ішінде Нұрғиса Тілендиевті ерекше бағалайды екен.

“Нұрғиса Тілендиевтің «Әлқисса», «Ата толғауы», «Аққу», «Саржайлау», «Құстар әні» сияқты туындылары жадымда жатталып қалды. «Құстар әнін» 1983 жылы жапонның атақты әншісі Ицуки Хироши жапон тілінде орын­даған. Композитордың «Ақсақ құ­лан» аңы­зының желісімен жасалған фильмге жазған музыкасы ғажап қой! Дүниежүзі композиторларының ішінде Нұрғиса Тілендиевті бәрінен биік қоямын”, – дейді Минами.

Оқи отырыңыз:

Қазақстандық сүрбойдақтар жартылай жалаңаш билеп қыздарды еліктіріп қойды (видео)

“Ninety one” туралы фильмнің қашан жарыққа шығатыны белгілі болды (видео)

Төреғали Еркеден ән арқылы “кешірім сұрады”

Баян Мақсатқызы “Қозы Көрпеш – Баян Сұлу” жырының негізінде фильм түсіріп жатыр

Талқылау