Жапон қонақ үйі 1311 жыл бойы жұмыс істеп келеді (фото)
Хаякава ауылында әлемдегі ең ескі “Nishiyama Onsen Keiunkan” атты қонақ үй орналасқан. Оны б.з.д 705 жылы ашқан. Биыл аталған қонақ үйге 1311 жыл толды.
Осы уақыт ішінде қонақ үй тек жөндеу жұмыстарына бола жабылған. Бағзы заманнан бері қонақ үйді бір ғана әулет басқарып келеді.
Соңғы рет 1998 жылы жөндеу жұмыстарын жүргізген. Заманауи стандартқа толықтай сай келетін қонақ үйдің интерьері жапон стилінде өңделген. Бұл жерде интернет пен телевидение болмағандықтан, тек таза ауамен тыныстап, тау бөктерін аралап, ағын суға шомылу үшін келеді.
Қонақ үй таулы аймақта орналасқандықтан, кез келген терезесінен табиғаттың тамаша пейзажын көруге болады. Мұнымен қатар, келген қонақтарға жапон тағамдарын ұсынады.
Ғимараттың ішінде дәстүрлі жапон стилінде әрленген 35 бөлме бар. Бөлменің әрқайсысында бір кездері императорлар, әскербасылар, самурайлар қонған. Кей нөмірде тасты бассейнге шығатын жеке есіктері бар. Ал шомылудан шаршағандары саунада демалуына болады.
Қонақ үй иелері көп жылдық табыстарын жұмыстарын жақсы көретіндіктерімен байланысты екенін айтады.
Естеріңізге сала кетсек, Ресейде киіз үйден тұратын қонақ үйдің саяхатшыларға қызмет етіп жатқаны туралы хабарлағанбыз.