Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жапон қонақ үйі 1311 жыл бойы жұмыс істеп келеді (фото)

Хаякава ауылында әлемдегі ең ескі “Nishiyama Onsen Keiunkan” атты қонақ үй орналасқан. Оны б.з.д 705 жылы ашқан. Биыл аталған қонақ үйге 1311 жыл толды.

72c3JJgI_i8

Осы уақыт ішінде қонақ үй тек жөндеу жұмыстарына бола жабылған. Бағзы заманнан бері қонақ үйді бір ғана әулет басқарып келеді.

Соңғы рет 1998 жылы жөндеу жұмыстарын жүргізген. Заманауи стандартқа толықтай сай келетін қонақ үйдің интерьері жапон стилінде өңделген. Бұл жерде интернет пен телевидение болмағандықтан, тек таза ауамен тыныстап, тау бөктерін аралап, ағын суға шомылу үшін келеді.

6744647

8140760-1000-1459152714-8

A17-26_9

Қонақ үй таулы аймақта орналасқандықтан, кез келген терезесінен табиғаттың тамаша пейзажын көруге болады. Мұнымен қатар, келген қонақтарға жапон тағамдарын ұсынады.

8140660-1000-1459152714-7

80424673-C7C9-4F21-8FDB-4BCD7DA94A61_mw1024_s_n

image

soOxlpd_zak

Ғимараттың ішінде дәстүрлі жапон стилінде әрленген 35 бөлме бар. Бөлменің әрқайсысында бір кездері императорлар, әскербасылар, самурайлар қонған. Кей нөмірде тасты бассейнге шығатын жеке есіктері бар. Ал шомылудан шаршағандары саунада демалуына болады.

8140960-1000-1459152714-11

8140710-1000-1459152714-9

Қонақ үй иелері көп жылдық табыстарын жұмыстарын жақсы көретіндіктерімен байланысты екенін айтады.

Естеріңізге сала кетсек, Ресейде киіз үйден тұратын қонақ үйдің саяхатшыларға қызмет етіп жатқаны туралы хабарлағанбыз.

Талқылау