Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жапон ғалымдары 30 жыл қатырып сақтаған тіршілік иесін өмірге бейімдеді

 Жапонияның Ұлттық полярлық зерттеулер институты ғалымдары «су аюы» ретінде белгілі мақұлықты қайта жібітіп, өмірге бейімдеді.

0629LabGroup.min_

Зерттеушілер тіршілік иесін 1983 жылы Антарктидада мүк арасынан тауып, -20 ⁰С температурада қатырып сақтаған. 2014 жылдың мамырында оны жібітіп, «ояту» жұмыстары сәтті аяқталды.

Ғылыми зерттеу тәжірибесінің авторлары хабарлағандай, «су аюы» бүгінде өмірге тез бейімделіп кете алды.
«Су аюы» – өте кішкентай мақұлық. Оның ұзындығы – 1 мм.

Мақұлық қоршаған ортаның экстремалдық жағдайларында тіршілік етеді, деп хабарлады «The Independent».

Талқылау