Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Неліктен жапон балалары ата-анасының айтқанын тыңдап, ақылды болып өседі

Күншығыс еліне өзге елдердің қызығушылықпен қарайтыны сөзсіз. Әсіресе, олардың өмір сүру салты, адамдарының мінезі кез келген адамды таң қалдырмай қоймайды. Біз жапон балаларының не себепті еркелікке бой алдырмай, жасынан ақылды болып өсетін айтып өтпекпіз.

Depositphotos_2024384_s (1)

Сурет: deti.mail.ru 

Жапондар ерте заманнан балаларын матаға орап, арқасына байлап қайда барса да өзімен бірге алып жүреді. Ол баланың кез келген сұрағына жауап береді. Анасы өзінің не істеп жатқанын, айналасында болып жатқан барлық процессті баласына айтып отырады. Сондықтан жапон балаларының алдымен сөйлеп, сосын жүрген жағдайлар көптеп кездескен.

Әдетте аналар 3 жылға дейін үйде отырады. Бала 3 жасқа толған соң оны бала-бақшаға береді. Олар баланы ата-әжесінің қарауына бермейді екен.

Ата-ана балаға үнемі ұқыпты болуға үйретеді. Егер оның көлігі сынып қалса, оған ұрыспай жай ғана «сен оны ауырттың» дейді.

Жапондарда баланың тәрбиесімен тек аналар ғана емес, әкелері де ат салысады. Балалар әкенің махаббаты мен құшағына зәру болады.

Соның нәтижесінде балалар ата-ана тарапынан үлкен мейірімді сезініп, бала кезінен өз талаптары қалыптасып, қоғамға тез үйренісіп өседі.


 

Оқи отырыңыз:

Еврейлер балаларын білімді, ақылды өзіне сенімді болуы үшін қалай тәрбиелейді

Талқылау