Жанжалдар мен сөгістер: Ұлттық банктің жаңа басшысы Досаев туралы не білеміз?

Ұлттық банк төрағасы болып сайланған Ерболат Досаевтың мемлекеттік қызметте жүргеніне 20 жылдан астам уақыт болды. Ол бірқатар министрліктерді басқарған білікті саясаткер.  Оның ішінде денсаулық сақтау, қаржы және халық шаруашылығы министрліктерінің жұмысын абыроймен алып жүрді. Ұлттық банктің жаңа басшысының өмірбаяны Stan.kz ақпараттық агенттігінің шолуында.

Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев жайлы не білеміз

Ерболат Асқарбекұлы Досаев 1970 жылы 21 мамырда Алматы облысында дүниеге келген. Республикалық физика-математикалық мектеп-интернатын бітірген. Алматы энергетикалық институтын одан соң, Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университетінде оқуын жалғастырады. ЖОО-да “электронды техникалық инженерия” мамандығын тәмамдаған.  Еңбек жолын 1993 жылы менеджерлік қызметтен бастаған ол, 1 жылдан соң шағын кәсіптің директоры болды. 3 жылдан соң “Акцепт” корпорациясының басқарушысы болып қызмет істеді. Кейінірек «Тұран-Әлем Банкі» ЖАҚ басқарма төрағасының орынбасары, «Алматы сауда және қаржы банкі» ЖАҚ басқарма төрағасы болып қызмет атқарды.

1998 жылы наурыз айында өзінің мемлекеттік қызметін бастады. Ол сол кездегі премьер-министр Нұрлан Балғымбаевтың кеңесшісі болып  тағайындалған. Алайда бұл қызметінің ғұмыры ұзаққа бармады. Небәрі 4 айдан соң энергетика, индустрия және сауда вице-министрі болып бекітілді.

Бұдан соң:

2000-2001 жылдары ҚР қаржы министрі;

2002-2003 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау агенттігінің төрағасы;

2003-2004 жылдары Еуропалық қайта құру және даму банкін (ЕҚДБ) басқарады.

2004-2006 жылдары ҚР Денсаулық сақтау министрі;

2006 жылы Шымкент қаласында ВИЧ індетін жұқтырған балалар күрт көбейіп кеткен болатын. Бұл жағдай 250 млн теңгеге алынған пайдасыз вакциналардан кейінгі жанжалдан соң орын алған болатын. Дәл осы оқиғадан соң 2012 жылға дейін мемлекеттік іске араласқан жоқ.

Дәл осы 2012 жылы экономикалық даму және сауда министрі Ерболат Досаев Қазақстандағы ең бай кәсіпкерлердің тізімінде 19-шы орында тұрды. Соңғы рет Forbes тізімде 5 жыл бұрын көрінді. 2014 жылы оның байлығы 110 миллион долларға бағаланған еді. Бұл ақпаратқа байланысты Zakon.kz-ке берген сұхбатында:«Бұрын қалай бағаланғанын білмеймін. Қандай өлшемнен бағаланды. Неліктен мұндай жердемін? Мен мемлекеттік қызметкермін, менің барлық үлестерім заңға сәйкес сеніп тапсырылған. Рахмет”, – деп пікір білдірген болатын.

2014 жылы өзі иелік ететін компания серіктесерімен бірге журналистер алдында сапасыз құбырларды Қашағанға жөнелтуіне байланысты есеп беруіне тура келді. Содан кейін Ерболат Досаев “Ерсай” компаниясының құбыр жеткізумен, оны дәнекерлеумен айналыспайтынын, тек құбырға қорғаныш қабатын ғана шығаратынын айтып ақталған еді.

Ал 2016 жылдың мамыр айында экономика министрі болып қызмет істеп жүрген Ерболат Досаевтың қызметіне көңілі толмайтынын мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы баса айтып, жер реформасын түсіндіру бойынша өз жұмысын орындамағанын атап өтті.

Осы соң Ерболат Досаев «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі»АҚ-ға ауысты, онда ол басқарма төрағасы ретінде 2017 жылдың тамыз айына дейін жұмыс істеген еді.

Ал 2017 жылдың тамызында ҚР премьер-министрінің орынбасары қызметіне сайланған болатын. Бүгінгі болған парламент сенатының депутаттарының жиынында Ерболат Досаевті Ұлттық банк төрағасы болып сайланды.

Қызметтік мансабында талай қиындықтар мен жетістіктерге жеткен кәсіпкер мемлекет тарапынан да көптеген марапаттауларға ие болды. Мәселен, Құрмет орденінің иегері, 2015 жылы “Қазақстан Ата заңына 20 жыл” медалімен, “Астанаға 20 жыл” мерейтойлық төс белгісімен, 2018 жылы Парасат орденімен марапатталған болатын.

Жұбайы Гүлнар Досаева Қазақстан сән нарығындағы “G және G Glamour” атты ірі сауда компаниясының мүшесі. Бірақ ірі саясаткердің жұбайы ресми іскерлікке қарағанда қайырымдылыққа көбірек көңіл бөледі. Қазіргі таңда 19 жасар Айтоты және 16 жасар Нұрлан есімді екі баланы тәрбиелеп отырған аяулы ана.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Загрузка...
Қазір оқып жатыр