Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жанынан шықпайды: Ит тастанды марғауларды тауып алып, оларға анасын алмастырған (видео)

АҚШ-тың Менло қаласының тұрғыны Уитни Брейли өзінің Бэннер атты иті әлденеге алаңдап, мазасызданып жүргенін байқаған. Ит иесінің көйлегінің етегінен тартып, әлденені көрсеткісі келіпті. Өз кезегінде әйел итінің соңынан еріп барған.

Жанынан шықпайды: Ит тастанды марғауларды тауып алып, оларға анасын алмастырған

Бұл туралы Daily Mail басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

«Ол орманға қарай жүгіріп, картон жәшіктің айнала жүгіре берді. Мен оның ішінде не жатқанын білмедім. Ал жәшікті ашқан кезде, Бэннер оның ішіне кіріп кетіп, кіп-кішкентай ақ марғауды алып шықты», – дейді Брейли.

Жанынан шықпайды: Ит тастанды марғауларды тауып алып, оларға анасын алмастырған

Анықталғандай, жәшіктің ішінде тастанды 7 мысық жатқан.

«Бэннер жәшіктің ішінде мысықтар жатқанын білді. Қалай екенін білмеймін. Егер ол марғауларды таппағанда, олар өліп қалатын еді», – дейді әйел.

Уитнидің сөзінше, ол марғауларды үйге алып келгенде, иті олардың жанынан шықпай қойыпты.

«Ол марғаулармен бірге жатады. Оларға жабысып жатып ұйықтайды. Итім марғауларды өз баласындай көреді», – дейді Уитни.

 

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау