Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жаны ашыған әйел танымал музыкантты қаңғыбас деп ойлап, ақша ұсынған

АҚШ тұрғыны танымал әнші Кит Урбанды үйсіз қаңқыбас деп ойлап қалып, оның тамағының ақшасын төлеп бермекші болды.

Жаны ашыған әйел танымал музыкантты қаңғыбас деп ойлап қалып, оған ақша берді

Бұл туралы Associated Press хабарлады, деп жазады Stan.kz.

Рут Рид есімді америкалық әйел АҚШ-тың Нью-Джерси штатындағы Камден қаласында көмекке «мұқтаж» адамды көргенін айтты. Ол кезекте тұрған ер адамның түскі ас алуға ақшасының жетпей қалғанын көрді. Оның жағдайын көрген әйел алдында тұрған ер адамға көмекке келіп, түскі астың ақшасын төлеп бермекші болды.

Сонда ер адам өзіне көмекке келген әйелге алғысын білдіріп, есімінің Кит екенін айтқан. Америкалық әйел ер адамға қарап, оны танымал музыкант Кит Урбанға қатты ұқсатқан. Бірақ, әйел көмекке мұқтаж болған адамды әншіге қанша ұқсатса да, оны Кит Урбан деп мүлде ойламады. Дегенмен, Рид қаңғыбас деп ойлап қалған ер адам шынымен де ол ұқсатқан танымал музыкант болып шықты.

«Оның Кит Урбан екеніне көзім жеткенде, өзімнің ақымақ адам секілді көрінгенімді түсіндім»,-деді Рид.

Дегенмен, ол соған қарамастан әншінің күзетшісіне барып, оның танымал әнші Кит Урбан екеніне көз жеткізген.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау