Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жануарлармен бірге түсірілген 11 керемет видео

Назарларыңызға камераға ілігіп қалып, таспаға басылған керемет бейнежазбаларды ұсынамыз.

ымым

Бұл туралы LifeNews.ru сайты хабарлайды.

Камера жаңадан ұшуды үйреніп жүрген құстың тұмсығына ілінген. Нәтижесінде Шығыс Африканың жабайы табиғатының сұлулығы туралы толықтай бір әсерлі фильм пайда болған.

Уолтер атты лақап аты бар лабрадор теңізге қарай жүзуге асығып жүгіреді. Мойнына байланған камераның арқасында түсірілген бейнежазба позитив сыйлайды.

Теңіз толқыны мен оны мекендейтін жан-жануарларды да көру мүмкіндігі бұйырыпты. Теңіз жануарына орнатылған камера теңіз тіршілігін таспаға басқан.

Ал мұнда ашулы қой велосипедшіге шабуыл жасайды. Автор видеоны түсіру үшін өзі де бірнеше жерден жарақат алғанын айтады.

Қыран француз Альпісімен ұшып барады. Альпі табиғаты құс қанаты жетер биіктіктен керемет түсірілген.

GoPro маркалы камера ешқайда асықпайтын сиырға да орнатылған. Сюжеттің дамуын күтпей-ақ қойыңыздар, есесіне тамаша пейзажды тамашалауға болады.

Оңтүстік Африкада қабылан камераға қызыққан. Жыртқышқа да бақылау жасау үшін камера орнатылған.

Монреалда тиын GoPro камерасын ұрлап кеткен. Сөйтіп, бірнеше селфи жасап камераны талға сүйеп кетіпті.

Ең қызықты видео – бүркіттің Париждің орталығымен ұшып өтуі. Кадрлар құстың арқасына қойылған экшн-камераның көмегімен түсірілген.

Маймылдың селфи жасауды үйреніп жатқан видеосы тіптен күлкіге қарық етеді.

Испанияда да шағала туристердің камерасын ұрлап әкетіп, атлантия жағалауында аса әсерлі бейнежазба жасап шыққан.

Талқылау