Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жануарларға жаны ашыған испандықтар тыр жалаңаш шешініп, өлік кейпін танытты

Көптеген испандықтар Барселона қаласының адам көп жүретін жерінде тыр жалаңаш шешініп, сәнді киімдердің құрбаны болған жануарлардың құқығын қорғады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі The Independent  сайтына сілтеме беріп.

Жануарларға жаны ашыған испандықтар тыр жалаңаш шешініп, өлік кейпін танытты

16 желтоқсанда Каталунья алаңында орын алған флэшмобта белсенділер тыр жалаңаш шешініп, денелеріне жасанды қан жақты. Фотода көрсетілгендей, олар жол үстінде өлім бара жатқан жануарлардың сомдап қимылсыз жатыр. Арасындағы бір қыз жануардың терісінің үстінде қолына «Бір пәлте үшін қанша өмірді қиямыз?» деген жазуы бар тақтайша ұстап отыр.

Бұл қарсылық науқаны Anima Naturalis  атты бейкоммерциялық ұйымымен ұйымдастырылған. Аталған қор Испания мен Латын Америкадағы жануарлар құқығын қорғаумен айналысады.

РЕТА («Адамдар жануарға деген этикалық қарым-қатынасты қолдайды») ұйымының ақпаратына сәйкес дүние жүзі бойынша сатылатын тері өнімдерінің 85 пайызы фермаларда қиналып өлген жануарлардың жүндерінен жасалады. Оларды өлтірер бұрын өмірбойға торға қамап қояды, артынша терілерін сыпырып алады.  «Қиналған жануарлардың терілерінен жасалған киімдерді кию ешқандай сәндікке жатпайды», – дейді РЕТА-ның өкілі.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау