Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жантүршігерлік жол апаты: Бүтін бір отбасы мүшелері көз жұмды (фото)

“Алматы-Қапшағай” трассасының 37-38 километрінде адам өліміне әкеп соқтырған ірі жол апаты орын алды.

Бұл туралы Zakon.kz  хабарлайды.
Қалаға қарай беттеген Mitsubishi Galant автокөлігінде бір отбасының мүшелері болған. Рөлде ер адам, ал оның жолаушылары – өзінің туған әпкесі, 7 жасар қызы мен 1943 жылы туған апасы.
Куәгердің сөзіне қарағанда, жол жүріп бара жатқан көлік бір уақытта өзінен өзі шайқала бастаған. Автокөлік жол ортасында айналып, ақырында ол қоршауға барып соғылған.
Оқиға орнында үш жолаушы көз жұмды, олардың денелері бөлшектеніп кеткенн. Ал жүргізуші зардап шеккен жоқ.
 
 
Жіберіп алмаңыз:
Талқылау