Жантүршігерлік жол апаты: Таиландта 8 қазақстандық зардап шекті

Таиландта ірі жол апаты болып, нәтижесінде қазақстандық сегіз турист зардап шекті. Отандастарымыздан бөлек, микроавтобус жүргізушісі мен гид жарақат алған.

Бұл туралы The Nation басылымына сілтеп Stan.kz хабарлайды.

Туристік топ Пхукет аралындағы Hanuman World саябағына барар жолда апатқа ұшырады. Көлік жүргізушісі рөлді басқара алмай, дөң бөктерінде ағашқа соғысқан.

Зардап шеккен 10 адамның тоғызы Dibuk Hospital ауруханасына жеткізілді. Екеуінің аяғы, тағы бір жолаушының қолы сынған.

Ал басынан жарақат алған тағы бір турист шұғыл түрде Phuket International Hospital емханасына жатқызылды.

Полиция микроавтобус жүргізушісін алкоголь мен есірткіге тексермек.

Жіберіп алмаңыз:

Семейде көлік ішінен қыз бен жігіттің мәйіті табылды

Өскеменде 7-қабаттан ер адам құлап кетті

СҚО тұрғыны өз өмірін қауіпке тігіп, 2 баланы өрттен құтқарды

СҚО-да әйелін пышақтаған ер адам өзін өлтірмек болып үйін өртеп жіберді

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
21.04.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар