Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жантүршігерлік жол апатынан аман қалған актриса ауруханадан шығарылды

Алматы қаласының орталығында Gelandewagen көлігінің қатысуымен болған жантүршігерлің жол-көлік апатынан аман қалған жалғыз жолаушы ауруханадан шығарылды. Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Gelandewagen-нің қатысуымен болған көлік апатынан аман қалған актриса ауруханадан шығарылды

Үш адамның өмірін жалмаған жол апатынан аман қалып, аурухана түскен актриса Айзада Сатыбалдиева 1 ақпанда ауруханадан шығарылған. Бүгінде дәрігерлер әлі де 4 ай төсекте жатады деген науқастың жағдайының оңалып келе жатқанын айтты.

«Науқас оңалып келеді. Оның жағдайы қанағаттанарлық. Ол амбулаториялық ем алу жөніндегі ұсыныспен ауруханадан шығарылды», – деп хабарлады қалалық денсаулық басқармасынан.

Айзада Сатыбалдиева жедел жәрдем ауруханасында бір айдан астам уақыт жатты. Актриса сол күнгі жол апатынан ес-түссіз күйде жансақтау бөліміне түскен болатын.

Еске сала кетсек, 29 желтоқсанда Алматыдағы Сейфуллин және Абай даңғылдарының қиылысында жол апаты орын алып, салдарынан 3 адам мерт болған еді. Олардың ішінде актриса Шолпан Елгезекова да бар. Дәл осы көлікте отырған актриса Айзада Сатыбалдиева ғана аман қалып, ауыр жарақатпен аурухананың жансақтау бөліміне түскен еді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр