Жантүршігерлік айқай естілді: Алматы облысының тұрғыны 3 жасар қыздың мешіттен ұрлануы туралы айтты

Алматы облысының тұрғыны Ирина Дрига Байсерке ауылында 3 жасар қыздың мешіттің жанынан ұрлану фактісі туралы айтып берді. Ол оқиға туралы баяндамас бұрын, ІІД-нен үнемі қосулы тұратын телефон нөмірлерін беруін өтінді, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі оқиға баяндаушының парақшасына сілтеп.

Жантүршігерлік айқай естілді: Алматы облысының тұрғыны 3 жасар қыздың мешіттен ұрлануы туралы айтты

«ІІД-нен кез-кезген уақытта көмек сұрау үшін хабарласуға болатын және үнемі қосулы тұратын байланыс нөмірлерін беруін сұраймын»,-дейді әйел.

Байсерке ауданының Көк терек ауылынан қалай жылдам көмек алуды сұраған әйел, ол жерде болған ең қорқынышты оқиға туралы баяндап берді.

«Оқиға өткен түні осы жерде кешкі сағат 23:00-де болды. Біз бүкіл отбасымызбен үйге қайтып  келе жаттық. Содан көшеге бұрылдық, ал Байсеркедегі мешіттің жанынан ұрланған 3 жастағы қыз көшенің он жағындағы жер телімінен табылды. Содан жолда жатып  кішкентай баланың қорқынышты, жантүршігерлік айқайын естідік. Үйге қайтып келе жатқан күйеуім мен көршіміз қыздың дауысын ести сала далаға қарай жүгірді. Сол уақытта ол жерден әлдебір еркектің қашып бара жатқан бейнесі көрінді»,-дейді Ирина Дриға.

Кішкентай қыздың дауысын естіп көмекке ұмтылғандар, тіпті не болғанын түсініп үлгермедік дейді.

«Қараңғыда даладан бірдеңені көру мүмкін емес. Оның үстіне кішкентай баланы. Әйтеуір іздеп жатып, мешіттің жанынан ұрланған үш жасар қызды таптық. Бірақ, біз 40 минут бойы полицияға хабарласа алмадық. Қоңырау шалғанда бізге ешкім жауап бермеді. Оларға хабарласамыз деген әрекетімізден ештеңеге шықпады. Көмекке келген барлық көршілерімізге рахмет. Оларға полицейлерді шақыру үшін бөлімшеге баруға тура келді. Шақыртылған көмек 40 минутқа жетті. Ол кезде біз баланың ата-анасын өзіміз іздеп тауып алған болатынбыз»,-дейді ол.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
15.11.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар