Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жансейіт Түймебаевтың қонақ күтемін деп басы бәлеге қалды

Түркиялық бизнесмен Халил Ұлыер өзінің инстаграмм парақшасында Шымкентке келгенін, онда өзін Жансейіт Түймебаевтың қалай күткенін айтып мақтанып, фотолар мен видео салған.

Тіпті, Астана мен Шымкент арасын қымбат ұшақпен аралаған соң, әлеуметтік желілерде қонақ бюджет есебінен күтіліп жатыр деген әңгіме де желдей есіп жатыр.

Ал, әкімдіктегілер мұны теріске шығарып әлек. Айтуларынша, Халил Ұлыер туризм, медиа және азық-түлік саласымен айналысатын қалталы азамат екен. Онымен Жансейіт Түймебаев Түркияда елші болып жүрген кезінде танысыпты. Ұлыер Түркияның бірнеше қаласында Назарбаев атындағы даңғыл мен саябақ ашуға себепкер болған да біздің шенділер мақтанышпен жеткізді. Сондықтан, Қазақстанға қыдырып келген оған бір дастархан жайғанымыз болмаса, ұшағын төлемек түгілі бюджеттен көк тиын да шығарғанымыз жоқ деп ақталды.

“Әр инвестор өзінің жеке қызығушылығымен және осы өңірдің бір инвестиция салу мақсатымен келеді. Келген инвесторлармен кездесіп, іскерлік бағытта кездесулер өткізіп әңгімелесу тиісті мүмкіндіктерін таныстыру облыс әкімінің міндеттерінің бірі боп саналады. + Әрине, бұл сапар шығындарының барлығы тиісті инвестордың тарапынан өтеледі. Облыстық әкімдік тарапынан бұл мәселеге ешқандай қаржы-қаражат қаралмаған”, – дейді ОҚО әкімінің баспасөз хатшысы Бейсен Тәжібаев.

Тағы да оқыңыз:

Үндістан азаматына тұрмысқа шыққан тараздық келіншек жоғалып кетті

8 бала асырап алған жамбылдық полицей “100 жаңа есім” жобасына кірді

Бір-біріне ұқсайтын жігіттер бірдей қыздарға үйленді

Талқылау