Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жансая Әбдімәлік халықаралық ерлер гроссмейстерінің нормасын орындады

АҚШ-тың Филадельфия қаласында шахматтан World Open 2017 халықаралық турнирі өтті. Оған қазақстандық шахматшы Жансая Әбдімәлік қатысты.

20161202125259

Бұл туралы Жансая Әбдімәлік атындағы шахмат Академиясының баспасөз қызметінен хабарланды.

Турнирге бас-асғы 216 шахматшы қатысты. Олардың ішінде 33-і ерлер гроссмейстері болса, тағы 26-сы халықаралық ерлер шебері. Жансая барлығы 9-дан 7 ұпай жинады. Оның алтауын жеңіспен, біреуін тең есеппен, ал біреуін жеңіліспен аяқтады. Ол рейтингі 2595 болатын қытайлық гроссмейстерге есе жіберіп қойды. Ал соңғы партияда Жансая рейтингі 2658 болатын шахматшымен ойнап, тең түсті. Жеңіске жеткен жағдайда, қазақстандық шахматшы турнирді жеңетін еді.

Атап өтетін жайт, Қазақстан шахматы тарихында тұңғыш рет 17 жастағы қыз халықаралық ерлер гроссмейстері нормасын орындады.

Финалдық кездесуде Жансая өзінің америкалық құрдасы Джеффри Ксенгпен ойнады.

Турнир қорытындысы бойынша, атағы жер жаратын шахматшылар мен барлық фавориттер тізімнің соңғы жағында қалып қойды. Ал Жансая халықаралық рейтингте 30 орынға көтерілді.

Жіберіп алмаңыз:

Қырымбек Көшербаев «Қазақстан барысы» жеңімпазына пәтер сыйлады

“Қазақстан барысы” Еламан Ерғалиев: Бейбіт Ыстыбаевтан асып түскім келеді

Алматыда жолақыны қолма-қол ақшамен төлеу 150 теңгеге қымбаттайтын болды

Есімін елбасының құрметіне қойған Нұрәбіназға имамдар атын ауыстыруға кеңес берген

Талқылау