Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жансая Әбдімәлік Польшада өткен турнирде бас жүлдені жеңіп алды

Жансая Әбдімәлік Польша елінде өткен «Krystyna Hołuj-Radzikowska» Халықаралық турнирінде бас жүлдені жеңіп алды.

Zhansaia-Abdimalik

Жарыс 23 қарашада басталған болатын. Нәтижесі 1 желтоқсанда белгілі болды. Шахматшы қыз Жансая мүмкін болған 9 ұпайдың 7-уін еншіледі. Жасая 5 қарсыласынан басым түсіп, 4 қарсыласымен тең болды.

Жансая қазақ шахматшы қызы, он төрт жасында гроссмейстер атанған. 2012 жылғы жастар әлем чемпионатының күміс жүлдегері. 2011 жылғы 20 жасқа дейінгі санатта Азия чемпионатында екінші орын көрсетті (жалпы жарыста 6.5 ұпайдан үш ойыншы жинаған – Во Ти Ким Хун (Вьетнам), Жансая Әбдімәлік (Қазақстан) және Синит Челси (Индонезия). Жансая сәйкес жасы бойынша қыз балалар арасында екі дүркін чемпион атанған.

Жіберіп алмаңыз:

ШҚО-да 12 жасар бала бір түн бойы қар астында түнеп шыққан

Темекі шеккен хиджабтағы қыздар желі қолданушыларын шошытты (видео)

Қазақстанда 30 мыңға жуық сотталушы түрмеден босатылады

Қайырымды жастар екі бүйрегі істен шыққан Жәнелге 12 млн теңге жинап берді

Талқылау