Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Фрискенің әкесінен Шепелевке шабуыл жасады деген күдікпен жауап алынуда

Полицейлер тележургізуші Дмитрий Шепелевке шабуыл жасап, баласын ұрлады деген күдікпен Владимир Фрискеден жауап алуда. Бұған дейін марқұм болған әншінің әкесі мен күйеубаласы арасында үлкен дау болған.

friske-otec1

Жанна Фрискенің күйеуі, тележүргізуші Дмитрий Шепелев полицияға арыз жазған. Онда оқиға Мәскеудің Хамовник ауданында болғаны айтылады. Шепелевті әлдекімдер соққыға жығып, 2 жасар Платон есімді баласын ұрламақшы болған. Оның айтуынша, оған шабуыл жасаушыларды Владимир Фрискенің басқарғанын айтады.
Қыркүйек айында телеарналар марқұм болған әншінің әкесі мен күйеубаласы арасында үлкен дау болғанын хабарлаған болатын. Онда Шепелев ұлын Фрискенің үйінен алып кеткені айтылды. Ал, Владимир Фриске немересімен сирек көрісетінін айтып сес көрсеткен.
Жанна Фриске 2015 жылдың маусым айында қатерлі ісік ауруынан қайтыс болған. Шепелев екеуінің ұлы Платон 2013 жылы дүниеге келген. Фриске жеке орындаушы ретінде, әрі «Блестящие» тобының мүшесі, “Мексикадағы демалыс” шоуының жүргізушісі ретінде де танымал. «Ночной дозор», «Дневной дозор» фильмдеріне және басқа да киноларға түскен.

Талқылау