Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жанна Фрискенің әкесі ұрланған 20 миллион рубльге пікірін білдірді

Жанна Фрискенің әкесі, Русфонд әншінің еміне жиналған қаражатқа қатысты өзіне ештеңе айтылмағанын жеткізді.

friske-otec1

Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.

2015 жылы қайтыс болған әнші Жанна Фрискенің әкесі Владимир Фриске өзіне қайырымдылық қорынан ешкімнің хабарласпағанын айтты.

“Русфонд менде чек бар ма, жоқ па деп сұрады ма дейсіз бе? Мен тіпті ол қордың қай жерде орналасқанын да білмеймін. Біз әлі олармен сөйлеспедік”, – дейді Владимир Фриске.

Ертеректе, Русфонд қайырымдылық қоры Жанна Фрискенің еміне деп жиылған көлемді қаражаттың ізім-қайым жоқ болып кеткені туралы, РФ Тергеу комитетіне шағымданған болатын.

“Сол Русфондқа телефон шалыңдар. Сосын ақша, чек туралы сұраңдар. Әлде олар менімен кездескілері келе ме екен. Сот қаулы ететін шығар ұрланған ақша жөнінде”, – дейді ол.

Ертеректе, әншінің еміне деп жиналған қаражаттың ұрланғаны туралы қайырымдылық қоры мәлімет таратқан еді. 

Талқылау