Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жанкүйерлерінен тығылған әнші сахнаға шабаданның ішінен шыққан

Америкалық поп әнші Тейлор Свифт шабаданның ішінде саяхат жасайтынын әнші Зейн Малик растаған. Бұл туралы Малик Vogue журналына берген сұхбатында мәлімдеген, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Жанкүйерлерінен тығылған әнші сахнаға шабаданның ішінен шыққан

Оның айтуынша, Тейлор Свифт 2017 жылдан бері, I Don’t Wanna Live Forever әнін жазғаннан кейін қорап сияқты шабаданның ішінде тығылуды жөн санаған. Әнші осылайша маза бермейтін папарация мен журналистерден аулақ болған екен.

Мұндай әрекетті тағы бір әнші Адель өзінің шығармашылық концерттерінде істеген. Оны өнер көрсетпестен бұрын жанкүйерлері көріп қоймасын деп сахнаға қорапта алып шығатын.

Ал Тейлор Свифттің екінше альбомы 2009 жылы ең өтімді болған. Әнші «Грэмми» премиясында 29 рет жүлделеніп, 10 рет наградаға ие болған.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау