Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жанкүйерлері Инстаграмды Димаштың қолдан салынған суреттерімен толтырды (фото)

I am a Singer жобасының екі бірдей шығарылымынан кейін Димаштың танымалдылығы елімізде де, шетелде де артты.

Димаш-030217-2

Бүгінде Димаштың Қазақстан, Қытай, қала берді, АҚШ, Еуропа мемлекеттерінде жанкүйерлері жетіп артылады. Оған Инстаграм желісін аша қалсаңыз өзіңіз де куә боласыз.

Димаш030217

“Мен өзімнің шет елдік достарыма, өзге елде тұратын жанкүйерлеріме де алғыс білдіргім келеді! Арнайы фан клубтардың ашылуы, қытайлық жанкүйерлерімізбен бірге, АҚШ, Европадан xабарласып жатқан өнер сүйер қауымға шынайы ризамын! Тілектеріңіз бен ниеттеріңіз жүрегімнен орын алып жатыр! Қазақ елі осындай өнерге бай, қазақ жері мейірімді, қонақжай! Менің өнерімді сүйетін барша жанға ықыласым бірдей! Сіздерді риясыз жақсы көремін!” – деп жазған еді Димаштың өзі. 

Бұл ретте жанкүйерлер Димаш Құдайбергеновтің суретін бейнелеп, Инстаграмды қолдан жасалған туындылармен толтырды.

Димаш-030217

Оның бейнесін шетелдік жанкүйерлер де, қазақстандық тыңдармандар да жарыса салып жатыр.

 

Димаш-030217-6Димаш-030217-5Димаш-030217-4

Димаш-030217-8

Димаш-030217-7

 

Димаш-030217-9

Бұған дейін Қытайда Димаштың суреттері бейнеленген әртүрлі заттардың сатыла бастағанын жазған едік.

Жіберіп алмаңыз:

Витас: Жеке өзім сотқа барған жоқпын. Алдағы уақытта да бармаймын

Собчак пен Виторганның интимді суреті желіні «жарды»

Анджелина Джоли Брэд Питтен айына 100 мың доллар төлеуін талап етті

Аша Матай алаяқ жарнамашыларды сотқа бермек

Талқылау