Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жанкүйерлері Айсұлу Әзімбаеваны Анна Седоковаға ұқсатты

Қазақстандық актриса Айсұлу Әзімбаева желіде еліктірерлік суретін жариялады. Саусағын аузына салып суретке түскен актрисаны жұрт ресейлік әнші Анна Седоковаға ұқсатты.

875ec1d6fd052fdb20c4ddd5faf62ed0

Фото: instagram.com/strangeice

Айсұлудың бұл жарияланымы желіде қызу талқыға түсті. Желі қолданушыларының пікірі екіге қақ айырылды. Кейбіреулер суреттің көркемдігіне, әсемдігіне тәнті болса, ендігілер актрисаға жағымсыз пікірлерін жаудырды. Талқыға түскен сурет үш мыңнан аса лүпіл жинады.

17b67a7ff2da4dd65efde789e685e55c

Фото instagram.com/annasedokova

«Ол әртүрлі қырынан көріне біледі. Бұл жолы Әзімбаева тіптен секси», «Сіз сондай нәзіксіз, ешқандай әбестік көріп тұрғаным жоқ», «Мүмкін менің фантазиям дұрыс емес шығар, бірақ мына сурет адамды қоздырады екен», – дейді Айсұлуды жақтаған желі оқырмандары.

Дегенмен де Айсұлудың өзі риза секілді. «Таңқалдым, ғаламторда пікірлер қаптап кетпеді. Ұят-мендер қаптап шығатын шығар деп ойлаған едім», – деді ол.

Жіберіп алмаңыз: 

Тоқтардың анасы: Бейбітті әйелдікке алмаса ұлыма ренжитін едім

Серік Ибрагимов: Фонограммамен ән айтуға ұяламын

Жолдыбаева: Актермен сүйісу үшін ешкімнен рұқсат сұрамаймын (видео)

Қайрат Нұртас: Мені аман алып қалған Аллаға сансыз шүкір

Талқылау