NBA тұжырымы бойынша орта салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионының вакантты белдігін қазақстандық кәсіби боксшы Жанқош Тұраров жеңіп алды.
Бұл туралы Vesti.kz хабарлайды.
Тұраров бразилиялық Хоаким Карнейромен (22-6, 20 КО) кездесіп, бірінші раундта нокаутқа жіберді.
Осылайша, қазақстандық өзінің 17 кездесуінің 13-жекпе-жегін мерзімінен бұрын аяқтап, жеңіске жетті. Кездесу 66,7 кг ортақ салмақ дәрежесінде өткен болатын.