Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жанкүйерімен құшақтасып билеген Айқын желідегілерді сүйсіндірді (видео)

Қоғам белсенділерінің желідегі пікірлеріне сүйенсек, қай жерде болмасын тек жанды дауыста ән айтатын санаулы әншілердің бірі – Айқын Төлепберген. Осы еңбекқорлығы мен қарапайымдылығы үшін халық Айқынды жақсы көреді. Әрі үнемі езуінен күлкі кетпей көңілді жүретін әнші тыңдарманның да көңілінен шығуға тырысады, деп жазады Stan.kz.

айкын коллаж 2908172

Мәселен, жуырда Қарағанды өңірінде өткен концертте әнші жанкүйерімен құшақтасып билеп, ән айтты. Тыңдарман қыздың бірі Айқын ән салып тұрған алаңға шығып алып, әншіні қысып құшақтап алған-ды. Әнші жанкүйерінің көңілін қалдырмай, онымен шыр айнала билеген. Видеоны көрген желі оқырмандары Айқынның қарапайымдылығына тағы бір рет тәнті болғандарын жарыса жазып жатыр.

“Кейбір әншілер итеріп немесе көңіл бөлмей, жақтырмас еді. Айқынның бірге билеп, секіріп жүргені қандай жарасымды , “Қарапайым өзі жаным сол”, “Жарайсың, Айқын. Риза боламын, осындай әншілер көп болса ғой шіркін”, “Қарапайымдылық сізді өсіреді. Халықпен бірге болыңыз. Мен де Айқынды жақсы көремін. Əндерін де”, “Ойлайтын едім телевизорда ғана қарапайымсыз ба деп, өмірде де қарапайым екенсіз ғой”, – деп тамсанды желі оқырмандары.

Жіберіп алмаңыз:

Майғазиевпен дуэт жазып танылған “Арай” тобының неліктен тарап кеткені белгілі болды

Ләйлә Сұлтанқызы “Ninety one” фильміне қатысты пікір білдірді

Ернар Айдардың үйлену тойы Таразда дүркіреп өтті (фото,видео)

Баянның кіші қызы әртүрлі бейнеде торт әзірлеп, жұртты таңдай қақтырды (фото)

Талқылау