Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жанкүйер Александр Бородюктің орнында қалуын қолдап үндеу тастады

Әлеуметтік желіде Елнар Әскербек есімді қолданушы футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Александр Бородюкті қолдап үндеу тастады.

Блогер өз үндеуін Вконтакте әлеуметтік желісінде жария еткен. Ол құраманың барлық жеңілістері үшін бас бапкерді кінәламауға шақырады.

“Әрине қазір құрама Бородюк келгелі бері онша ойын көрсетіп жатқан жоқ. Бірақ, дұрыс түсіну керек. Біз Армениямен сырт алаңда ойыншы алаңнан қуыламын дегенше жақсы ойнадық. Малыйдың қызыл қағаз алғанына Бородюк кінәлі емес қой. Ол соңғы екі ойында да екінші құрамдағы футболшылармен ойнады. Біз Астанада Армениямен қосалқы құраммен ойнап терезесі тең матч көрсеттік. Ал Бородюктің басты міндеті – құраманың стратегиясын өзгертіп, ойыншыларды Ұлттар Лигасына дайындау және жас ойыншыларды тарту. Қазірдің өзінде Муртазаев пен Тұрысбек құраманың басты ойыншыларына айналып келеді. Бородюкке уақыт керек. Сосын оның тағы бір еңбегі құрамаға тәртіп орнатты. Ал Талғат Байсуфиновтың кезінде ол жерде анархия болды, кім нені қаласа соны істеп кетті. Бізде ойыншылардың деңгейі әлсіз екені рас. Арменияның ойыншыларының өзі Европада ойнап жүр. Бородюк келе сала қалай Польшаны жеңіп кете алады? Бұл клуб емес, ұлттық құрама ғой”, – деп жазады блогер.

Еске салсақ, Александр Бородюк ұлттық құраманың тізгінін ұстағалы бері 7 ойынның алтауында жеңіліп, біреуінде ғана тең түскен еді.

Оқи отырыңыз:

Альвареспен спарринг өткізген қазақстандық боксшы қарсыласын нокаутқа жіберді

Ауыр атлетика олимпиада бағдарламасынан алынып тасталуы мүмкін

Аршавиннің әйелі қалай тұрып жатқандарын көрсетті (фото)

42 жастағы жеңіл атлет әлем чемпионатының финалына шықты

Талқылау