Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жәния Джуринскаяның салонында өзгенің әмиянын ұрлаған әйел видеоға түсіп қалды (видео)

Жәния Джуринская салонына келген ұры клиенттің қалай ұрлық жасағанын көрсетті, деп хабарлайды Stan.kz.

Видеода әйелдің кезек күтіп отырған кейіп танытып, өзгенің сөмкесінен байқатпастан әмиянын ұрлап алғаны көрсетілген.

«16 шілде күні JD studio-ға «клиентіміз» жазылуға келді. Ол шеберіміздің сөмкесіндегі әмиянын ұрлап, студиядан шығып кетті. Қазір оны іздеп жатырмыз.

Ұры әйелдің бізге дейін де талай салонды тонап келгені белгілі болды. Ол басқа сұлулық салондарындағы видеотаспаға түсіп қалған. Егер ол туралы қандай да бір ақпарат білсеңіздер, хабар беріңіздерші», – дейді Жания желідегі парақшасында.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау