Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жәния Джуринская тұрмысқа шығатынын мәлімдеді (видео)

Осы уақытқа дейін жеке өмірін жұрттан жасырып келген Жәния Джуринская құпияның шетін ашты. Актриса жақын арада ақ босаға аттайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Жания Джуринская

Күні кеше құрбыларымен бас қосқан Жәния бойдақтықпен қоштасу кешінде түскен суретін жариялады.

“Мен “иә” дедім”, – деп қуанышты жаңалығын жұртқа жеткізді ол. Алайда тележұлдыздың кімге тұрмысқа шығатыны белгісіз.

Мен «Йя » дедiм

Публикация от Джуринская Жания (@djurinskaya)

Бір қызығы, желі қолданушыларының бір тобы Жәнияның шынайы айтып тұрғанына күмән келтірді.

“Жалған сөйлеп тұр, ол осылай оқырмандарын ақымақ қылғанды жақсы көреді”, “Ол кеше құрбысының кешіне барған, тұрмысқа шықпайды”, – деп сынға алды желі қолданушылары.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау