Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жәния Джуринская шетелдік телехикаяда басты рөлді сомдап жатыр (фото)

Жәния Джуринская Украинада түсіріліп жатқан “Құтқарушылар” телехикаясында басты рөлді сомдап жатыр.

14072905_684470865048681_1156373772_n

Фото: instagram.com/djurinskaya/?hl=ru

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Жәния Джуринская украиналық режиссерлерден шақырту алғанын көпке дейін жасырып келген екен. Бұл ұсынысқа өзі сене алмай, бақыттан басы айналып жүрсе керек. Десе де, бүгін желі қолданушыларымен қуанышты хабарын бөлісті.

“Өзім де сенбей жүргендіктен, сіздерден жасырып келдім. Мені “Құтқарушылар” атты украиналық телехикаяда басты рөлді сомдауға шақырды. Бүгін жат жердегі алғашқы жұмыс күнім басталды. Құдайым-ай, сондай қатты қобалжыдым. Өзімнің 40 дубль бойы ақымақтанып тұрған бірінші жобамды еске түсірдім. Қуанышыма орай, ішкі дүрбелеңім ұзаққа созылмады. Түсірілім тобының тарапынан қолдау мен қамқорлық сезіліп тұрды. Рахмет! Киноның менің жолым екендігіне тағы бір мәрте көзім жетті. Өзімнің жұмысымды жақсы көремін”, – дейді Жәния Джуринская.

image

Желі қолданушылары да өз кезегінде актрисаның қуанышын бөлісіп, оған сәттілік тіледі. “Жарайсың, Джони!  Сен кереметсің. Саған сәттілік тілейміз! Телехикаяны асыға күтетін боламыз!”, “Сіз Украина мен Қазақстанға ғана емес, барша ТМД елдеріне танылуға тиіссіз. Бұл мансабыңыздың бастамасы ғана”, “Жәнияжан, ісің табысты болсын! Жан-жүрегімізбен сені қолдап отырамыз”, “Ақылдым сол, сен үшін қуаныштымыз. Сен барлық мақтан сөзге лайықсың!” дейді желі қолданушылары.

14073012_1573482359620299_1145521998_n


Жіберіп алмаңыз:

Жағажайда бикинимен жүгірген Джуринская жұрттың ашуын келтірді (видео)

Астанада “Барлығы жігіттер үшін” фильмінің түсірілім жұмыстары басталды (фото, видео)

Жалаңаш суретке түсіп, сымбатын көрсеткенді ұнататын танымалдар (фото)

Жұрт Джуринскаяны жүкті қылған жігітті іздеп жатыр (фото)

Талқылау