Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жәния Джуринская көпірден секіріп кетті (видео)

Жәния Джуринская Киев көпірінен секірді. Актриса Украина астанасында “Құтқарушылар” фильміне түсіп жатыр.

жания

«Бір сағат дайындалдым… Жыладым, күлдім, абыржыдым… Тіпті, есірігім ұстап қалды. Жүрегім айнып, ентігіп кеттім, басым айналды, қайта күлдім, бірақ мен оны жасадым, көпірден секірдім!» – деп жазды Джуринская желідегі парақшасында.

Актриса өз сөзінде қорқақтығының кесірінен велосипедке де отырмайтынын айтты. Сол себепті өзінің бұл қадамын Джуринская ерлікпен пара-пар деді.

«Өзімді мақтан тұтамын. Осы көпірден өтіп бара жатқан адамдар да мен үшін қорыққан сыңайлы. Мүмкін емес нәрсе жоқ! Сенің қолыңнан бәрі де келеді», – деп жалғады сөзін актриса.

Джуринскаяның 5 секундқа дейін даусы шықпаған. Қазақстандық актриса ол уақытта не болғанын білмейді.

«Дәл сол кез есімде жоқ. Есімді жоғалтып алдым не клиникалық өлімге ұшырадым. Қайта есімді жидым, қазір Құдайға шүкір аман-есенмін», – дейді актриса.

Жәния бұл қылығы үшін анасынан кешірім сұрады.

«Мама, мені өлтіретініңді білемін. Дәл қазір көзің шарасынан шығып кеткен шығар. Түсінші, кешірші… Бір ақ рет өмір сүреміз. Болатын шығар. Сені жақсы көремін»,- деп жазды ол.

Украинаның Киев қаласында телехикаяға түсіп жатқан актриса сары жейдедегі жігіттерге алғыс айтты. Ал олардың бірі видео соңында бұл сәтті кадрға түсіре алмағандығын, Жанияның қайта секіруіне тура келетінін айтып қалжыңдаған. Оны естігенде Жәнияның қандай сезімде болғанын кім білсін?!


  Жіберіп алмаңыз: 

Джуринская түсірілімде украиналық актерлермен сүйісіп, төсектес болудан бас тартты

Жәния Джуринская шетелдік телехикаяда басты рөлді сомдап жатыр (фото)

Жұрт Джуринскаяны жүкті қылған жігітті іздеп жатыр (фото)

Жағажайда бикинимен жүгірген Джуринская жұрттың ашуын келтірді (видео)

 

 

Талқылау