Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жәния Джуринская Киевте адамға лайық жағдай жасалмағанын айтып шағымданды (фото)

Шетелде телехикаяға түсіп жатқан Жәния Джуринская барған жерінде адамға лайық жағдай жасалмағандығын айтып шағымданды.

14359438_151048192016046_372311588_n

Фото: instagram.com/djurinskaya/?hl=ru

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Дәл қазір Жәния Джуринская Украинаның Киев қаласында “Құтқарушылар” атты телехикаяда басты рөлді сомдап жатыр. Бойжеткен инстаграм парақшасы арқылы түсірілім алаңында адамға лайық жағдайлардың жасалмағандығын жеткізді. Ол тіпті халықаралық деңгейде жұмыс істейтін дүкенге жылы киімдерге тапсырыс беруге мәжбүр болыпты.

“Дүкен маған жылы киімдерді Киев қаласына дереу жеткізбегенде, мен бір жерде үсіп жатар едім. Ал бүгін тіпті түнгі түсіріліміміз бар! 8 сағат бойы көз алдыма жазды елестетіп, үстіме жеңіл кеудеше мен шолақ шалбар киіп алып 8 сағат бойы ойнауым керек болады. Мұны қалай жасасам екен? Мен сіздерге Ди Каприо емеспін ғой. Мені алдап, “Тірі қалу” реалити-шоуына шақырған сияқты. Бүгін бәлкім соңғы тур шығар. Егер тірі қалсам, маған Оскар беруді сұраймын”, – дейді Жәния Джуринская.

14359966_1654820108164461_7504225631903678464_n

Желі қолданушылары өз кезектерінде актрисаға қолдау білдіріп жатты. Оған жылы киімдер сататын дүкендер туралы ақпарат ұсынды.


Жіберіп алмаңыз:

Жағажайда бикинимен жүгірген Джуринская жұрттың ашуын келтірді (видео)

Астанада “Барлығы жігіттер үшін” фильмінің түсірілім жұмыстары басталды (фото, видео)

Жалаңаш суретке түсіп, сымбатын көрсеткенді ұнататын танымалдар (фото)

Жұрт Джуринскаяны жүкті қылған жігітті іздеп жатыр (фото)

Талқылау