Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жәния Әубәкірованы консерваториядан қошеметпен шығарып салды

21 жыл бойы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық өнер консерваториясын басқарған Жәния Әубәкірова өзін оқу орнынан қошеметпен шығарып салғанын айтты. Мұндай құрметке лайық болу керек, дейді бұрынғы ректор, деп жазады Stan.kz.

Жәния Әубәкірова

Консерваториядағы жұмысынан босатылған Жәния Әубәкірова қазіргі уақытта кітап жазып жатқанын айтты. Алайда онда соңғы уақытта орын алған жағдайлар жазылмауы мүмкін.

«Биылғы жазда кітабымды жазып бітіремін. Қызық, оған соңғы уақытта болған оқиғалар кіре ме екен? Кез келген кітап – тәубеге келу. Алайда соңғы уақытта болған жағдайлар негізгі материалдармен үйлеспейді… Бұл цензура емес. Тек өзімді және жақын адамдарымды жаралағым келмейді.

Құдай маған бақытты өмір, шығармашылық ләззат, түрлі салаларда өзімді мойындату, отандастарымның, достарым мен әлем бойынша серіктестерімнің құрметі мен жақсы қарым-қатынасын берді», – деп жазды Әубәкірова Facebook желісіндегі парақшасында.

Жәния Әубәкірованың сөзінше, ол өзінің жұмысынан, шығармашылықтан ләззат алған. Алайда ендігі өмірдің, адам табиғатының қараңғы әрі лас тұстарын да көруім керек шығар, дейді ол.

«Ендігі мұндай драмамен қалай өмір сүруге болатынын ойлаудамын. Мені жоғары күштер қорғады ма? Менің тағдырым ерекше ме? Шынын айтқанда, мен солай ойладым және жұмысымнан, дарынды адамдармен серіктестіктен, үнемі жұмысбасты болып жүргеннен, жаңа дүниелерді зор қуанышпен үйренгенімнен жаным рахат тапты.

Демек, тағдыр маған жаңа сценарийді көрсетпек. Онда мен қарама-қайшы көңіл-күйді сезініп, өмірдің, адам табиғатының қараңғы және лас тұстарын да көруім керек», – деп жазды Жәния Әубәкірова.

Десе де консерваторияның бұрынғы ректоры мойымайтынын айтты.

«Менің жауабым қандай болуы тиіс? Жеке тәжірибем жоқ. Сонымен қатар достарымның, таныстарымның, әріптестерімнің және туыстарымның кеңесін пайдалана алмаймын. Себебі олардың бәрі дұрыс. Алайда адам өз күшіне, өзінің дұрыстығына қаншалықты сенімді болса да, бәрінің де жаны ауырады…

Жалпы, Құдай менің көңіл-күйімді, өмір туралы білімімді, басқа сипаттағы қиындықтарымды толықтырды. Мүмкін, шығармашылықта дәл осы уайымдар маған жетіспеген болар», – дейді Әубәкірова.

Жәния Әубәкірованың сөзінше, ол консерваториядағы қызметінен босатылғаннан кейін, өзін халық «қаһарманы» тәрізді сезінген.

«Таныс та, бейтаныс та ақылды, беделді адамдар аталған жағдайда мені қолдап жатыр. Мен өзімді «мерейтой иесі» немесе халық «қаһарманы» тәрізді сезінудемін. Көпшілік ізгі ниетімен, шынайы сезімдерімен асыра сілтесе де, бәрі-бір мен үшін өте маңызды. Барлығыңызға көп алғыс білдіремін!

Бүгін Арман Жүдебаевпен, біздің жаңа ректорымызбен, кездесеміз. ЖОО-ның қиындықтарын, келешегі бар жоспарларды, мәселелерді талқылайтын боламыз. Ол – дарынды жігіт. Қолынан келеді. Ал мен мүмкіндігінше өзімнің шығармашылық жоспарларым, олардың жүзеге асырылуы туралы айтамын. Шаруашылық және әкімшілік мәселелерден босағаннан кейін, өзімді қаншалықты жеңіл сезінгенімді елестету мүмкін емес», – дейді ол.

Сондай-ақ, Әубәкірованың сөзінше, оны консерваториядан кошеметпен шығарып салған.

«Сондай-ақ, кеше консервотория ұжымы маған қошемет көрсетті. Мұндай құрметке ие болу үшін лайықты болу керек. Алтын әріптестерім, сіздерге алғыс білдіремін», – дейді Жәния Әубәкірова.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау