Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жәнібек Әлімханұлы: Жеңіс үшін барлық күшімді салдым деп ойлаймын

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы журналистерге сұхбат беріп, жекпе-жек туралы ойымен бөлісті

298816888

Бұл туралы “Хабар” арнасы хабарлайды.

75 келіде жұдырықтасқан Жәнібек Әлімханұлы әзербайжандық Камран Шахсуварлыдан ұтылып қалған болатын.

“Барлық күшімді салып бокстастым. Лайықты әрекет еттім деп ойлаймын. Қазір неліктен жеңілгенім туралы айту қиын. Мені дайындаған бапкерлерге, жанкүйерлерге рахмет айтамын”, – деді Әлімханұлы.

Еске сала кетсек, 25 жастағы Шахсуварлы Ақтөбеде туып өскен. Оның әкесі әлі күнге Ақтөбеде тұрады. Ол Қазақстанның спорт шебері болғанымен, ұлттық құрамаға кіре алмаған. Енді ол жартылай финалда кубалық Арлен Лопеспен кездеседі.

Талқылау