Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жәнібек Әлімханұлы Қытайдағы лицензиялық турнирдің алтын медалін жеңіп алды

Бүгін Қытайда бокстан Азия және Мұхит аймағы елдері бойынша Олимпиада ойындарына жолдама берілетін турнирдің финалдық бәсекелері өтіп жатыр.

Жәнібек-Әлімхан

Бұл туралы Қазақпарат хабарлайды.

Осыдан бірер сәт бұрын 75 келі салмақта рингке шыққан қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы қытайлық боксшы Мингганг Жаоны техникалық нокаутпен тізе бүктіріп, кеше қол жеткізген Олимпиада жолдамасына қоса, турнирдің алтын медалін жеңіп алды.

Қытайлық былғары қолғап шеберлерін жанкүйерлер өте керемет қолдаған. Алайда Әлімханұлы бірінші раундта-ақ белсенді шабуылдар жүргізіп, кездесуді тікелей өз бақылауына алды. Үш төреші де бірауыздан бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша жеңісті қазақстандық боксшыға берді. Екінші кезеңде қытай боксшысының бапкерлері спортшыларын шаршы алаңға қайта жібермеді. Осылайша Жәнібек Әлімханұлы лицензиялық турнирдің финалында мерзімінен бұрын жеңіске қол жеткізді.

Еске сала кетсек, Әлімханұлы осыған дейін Рио олимпиадасына да жолдама жеңіп алған болатын. Сондай-ақ, бұл турнирде Қайрат Ералиев (56 келі), Абылайхан Жүсіпов (64 келі), Әділбек Ниязымбетов (81 келі), Иван Дычко (91 келіден жоғары) және Дариға Шәкімова (75 келі) олимпиада жолдамаларын қалтаға басты.

Талқылау