Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жәнібек Әлімханұлы Головкиннің қарсыласын нокаутпен жеңіп кәсіпқой бокстағы алғашқы жеңісіне жетті (видео)

Алматыда өтіп жатқан бокс кешінде Жанібек Әлімханұлы колумбиялық Милтон Нуньесті жеңді, деп хабарлайды Stan.kz.

umGa_qO86FA
Қазақстандық боксшы қарсыласын техникалық нокаутпен тізе бүктірді. Бұл Әлімханұлының кәсіпқой бокстағы алғашқы жеңісі.

Жәнібектің соққыларынан екі рет тізерлеп отырған Нуньес үшінші жойқын соққыдан тұра алмады. 1 раундтың 2 минутында отандасымыз америкалықты жеңді.

Нуньесті 2010 жылы Головкин де алғашқы минутта құлатқан болатын.

Қанат Ислам шаршы алаңда ганалық Патрик Аллотеймен кездесіп, WBA (Interim) тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағы үшін күш сынасатын болады.

Жіберіп алмаңыз:
Талқылау