Жәңгір хан: оның реформалары мен жетістіктері

Замандастары Жәңгір ханды қазақтың Бірінші Петрі деп атап кеткен. Өзі өте білімді болып, сол білгенін қарапайым халыққа беруге тырысқан. Жәңгірдің арқасында жекеленген көшпелі тайпалар ортақ мәдениеті мен мақсаты бар бір халық болып бастарын қосқан.

Жәңгір хан: оның реформалары мен жетістіктері

XVII ғасырдың соңында Ұлы далада кезекті тартыстар басталып – сұлтандар тақ үшін қанды айқастарды жүргізген. Кіші жүздің ханы Нұралының ұлы Бөкей таққа таласта жеңіліп, орыстың императорынан Орал мен Еділ өзендерінің жеріне көшуіне рұқсат сұраған. Сөйтіп 1801 жылы Бөкей бастаған отыз мың қазақ Еділ өзенінің маңына көшіп келеді. Осылай ұлттық құрамы әртүрлі болған Ішкі Орда құрылады. Бұл жерлерде қазақтардан бөлек қарақалпақтар, бұхарлықтар, татарлар, орыстар және армяндар.

Бөкейдің отбасында ұл дүниеге келіп, оның атын Жиһангер (әлем жаулаушысы) деп қояды. 1815 жылы Бөкей қайтыс болады. Әкесі қалдырған өсиет бойынша мұрагер Жиһангер болуы керек еді, алайда ол енді ғана 14-ке толғандықтан, билік Бөкейдің кіші інісі – Шығайға берілді. 1823 жылы биліктен алшақтап, істерді інісіне тапсырады, екі жылдан кейін қайтыс болады.

Бастапқы білімін Жиһангер үйдегі ұстаз-молдадан алады. Кейін әкесі оны астрахандық губернатордың отбасына тәрбиеленсін деп жібереді. Бұл жерде ол мемлекетті басқарудың әкімшілік әдістері туралы білім алған. Сонымен қатар, Жиһангер бірнеше тілді меңгерген: орыс, араб, парсы және неміс тілдері. Дәл сол кезде ол білімнің барлық пайдасын түсініп Бөкей Ордасында алғашқы мектепті ашуға бел буады.
Жәңгір хан қазақ ұлтының салттарын қатты ұстанған, алайда басқа да ұлт өкілдерімен тіл табыса білген. Оны қарапайым көшпенділер де, алдыңғы қатардағы ғалымдар да өздеріне жақын тартқан. Оны білімді билеуші деп көптеген мәдениет және ғылым саласының көрнекті тұлғалары айтқан: «Түсіндірме сөздіктің» құрушысы Владимир Даль, энциклопедист-ғалым Александр фон Гумбольдт, этнограф Григорий Карелин және басқалар.

1826 жылы Жәңгір хан Қазанға келеді. Жергілікті университеттің ректоры Карл Фукс оған экскурсия жасауды ұсынады. Ханның назарына ерекше ілінген араб және татарлардың тиын жиынтығы, қолжазба мен құстар тұлыбы болды. Жәңгір хан осыдан кейін екі ұлының да Қазан университетінде оқығанын қалады. «Қазақтар өз мектептерінде оқитын заман да келеді» деп айтты Карл Фуксқа.

Бұл сапардан кейін университет ректоры «Қырғыз ханы Жәңгірдің Қазанға келгені» деген мақала жариялап оны Бөкей Ордасына жіберді. Осылай хан мен ғалымның арасында жанданған хат алысу орын алды. Жәңгір Карл Фукстың орнына келген Николай Лобачевскиймен де жақсы қарым-қатынаста болды. Хан осы университеттің демеушісі болып, мұнда қазақтың жастарына оқуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, Жәңгір өзі бірнеше туындылар жазып, ұлттық шығармашылықты, қазақ халқының шежіресін зерттеген.

XIX ғасырдың 30 жылдарында Жәңгір хан Бөкей Ордасында бірінші мектепті құрумен айналысты. Мектеп 1841 жылы ашылды, оған жұмсалған шығынның барлығын хан өз мойнына алды. Жәңгір хан дүниеден озғанша осы мектепті өзі қаржыландырды, оқушылардан емтихандарды да өзі алатын. Негізінен, Жәңгір хан мектептің алғашқы ұстазы болған. Ал татар ұлтының өкілі Садриддин Аминов оның бас көмекшісі еді. Хан: “Біздің балаларымыз ғылымды қоғамға жақсы қызмет көрсету үшін үйренеді. Осы жайт мені қуантады. Себебі,  білімге қолжетімділік — менің халқым үшін үлкен қуаныш”.

Мұхамбет-Салық Бабажанов осы мектепті бітірген алғашқы түлектердің бірі. Ол Шоқан Уәлихановтан кейін Орыс географиялық қоғамының мүшесі атанған екінші қазақ.

Жәңгірдің көмегімен қазақ жасөспірімдері Санкт-Петербург, Қазан, Астрахан және Орынбор қалаларында білім алу мүмкіндігін иеленді. 1844 жылы Қазан университетітнің басшылығы ханды жоғары оқу орнының лауазымды мүшесі етіп тағайындады. Жәңгір университеттің кітапханасына араб, парсы, түрік тілдерінде жазылған алты сирек қолжазбаны сыйлады. Сонымен қатар, ол университетке қазақ поэмалары жазылған жинақты берді.

Жәңгір хан көшпенділердің отырықшылық өмірге көшуін қолдады. Сондай-ақ ол басқа хандармен салыстырғанда әкімшілік сұрақтарға басқа тұрғыдан қарайтын. Жәңгір ресейлік биліктің саясатына сүйенді. Ол өз жерін жекеменшік тұлғаларға пайдалануға берген. Бастапқыда жекеменшік кәсіпкерлер жерді қызметтері үшін пайдаланды, хан сосын оларға жерді ақшаға сата бастады. Бұл саясат әлеуметтік қатынастарды ушықтырды. Бөкей Ордасының үштен бір бөлігі жерсіз қалды. Адамдардың көбісі жерді көршілес жатқан Ресей губернияларынан жалға алды. Жер сауда саттықтың меншігіне айнала бастады. Бұл Ресей билігі үшін өте тиімді болды. Осы жайт қарапайым халықтың ашуын келтірген еді. Ал қазақтарға Еділ, Орал, Каспий теңізінің жанына қоныстануға тыйым салынған да халықтың ашуы одан сайын өрбіді. Махамбет Өтемісов пен Исатай Таймановтың бастауымен халық Ресей отарына қарсы көтеріліске шықты. Көтеріліс Ресей әскерлерімен басылды. Өмірінің соңына дейін Жәңгір хан осы оқиғаны қатты уайымдап өтті.

Жәңгір хан 1845 жылы қайтыс болды. Оның өлімінен кейін Санкт-Петербургте білім алып жүрген 15 жастағы ұлы тақ мұрагері атанады. 1847 жылы Ресей императоры оқуын тәмамдаған Сахиб-керейді өз еліне қайтарады. Еліне қайтып бара жатқан жолда ол уланып, көз жұмады. Сахиб-керей қайтыс болған соң, Бөкей Ордасында хан билігі жойылды. Қазақ жері Ресей империясының меншігіне айналды.

Жәңгір хан өз елін жақсы өмірге жетеледі. Петр Бірінші осының арқасында Ресейге өркениет сыйлады. Ал Жәңгір хан қазақ жеріне білім алып келді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

 

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
23.09.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар