Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Zhanga aelipbi: Қазақтың жаңа алфавиті бойынша әріптер қалай таңбаланады

25 таңбалы алфавиттен бөлек 8 деграф бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Zhanga aelipbi: Қазақтың жаңа алфавиті бойынша әріптер қалай таңбаланады

 

Жаңа әліпби “бір әріп – бір дыбыс”, “бір әріп – екі дыбыс” және “бір дыбыс” принципіне негізделген. Ол бойынша “ә” дыбысы “ae” диграфымен берілсе, “ө” – “oe”, “ү” – “ue” деп таңбаланды. Мәселен, “әлем” – “aelem”, “өркен” – “oerken”, “үкімет” – “uekimet” болмақ.  “Мұндағы айрықша тұрған дыбыс – “ң”. Ол қазақ тіліне тән дыбыс, басқа тілдерде де бар. Біз оны “ng” диграфымен бердік. Осындай диграфпен беру ағылшын тілінде де кездеседі. Оны қабылдау да оңай болады”, – деп атап көрсетті Тілешов.

Бұдан бөлек, “ғ” – “gh”, “ч” – “ch”, “ш” – “sh” және “ж” – “zh” болып белгіленеді.  Ал “ц”, “в”, “ф” сияқты қазақ тілінің дыбыстық жүйесінде жоқ дыбыстарды мүлдем алып тастау туралы ұсыныс болған.

“Тура осындай мәселе 1920 жылдары әліпби тақырыбы көтерілгенде айтылған болатын. Жат дыбыстарды кіргіземіз бе, жоқ па, осы мәселе қаралды. Аxмет Байтұрсынұлының әліпбиге қатысты еңбектерін мұқият оқысақ, біз Алаш зиялыларының кейбір кірме дыбыстардың қазақ әліпбиінен орын алуын жақтағанын да көреміз.

Zhanga aelipbi: Қазақтың жаңа алфавиті бойынша әріптер қалай таңбаланады

Мысалы, білімпаздар сьезінде Аxмет Байтұрсынұлы қазақ тілінің сақталуына аз да болса ақысы бар “һ” дыбысы жайында айтқан болатын. Өйткені “һ” дыбысымен айтылатын қазақтың өз тілінде аз да болса сөздер бар дейді. Яғни, Аxаң бастаған зиялылар егер сөздік қорымызда олардың орныққан белгілі бір сөздік қоры болса, ондай дыбысты сақтау қажет деп санайды. Біз де осы принципке келісіп отырмыз. Сондықтан жаңа әліпби нұсқасында осындай дыбыстарға орын бердік”, – деп атап көрсетті Тілешов.

 

Талқылау