Тақпақ айтып тұр ма: Жанды дауыста ән салған Сейфуллин Жолбарыс ұятқа қалды (видео)

Сейфуллин Жолбарыс жанды дауыста ән айтқан сәтін жариялаймын деп дауға қалды. Өнер иесін көпшілік “даусы жоқ” деп сөккен, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Сейфуллин Жолбарыс Ресми (@s_zholbarys_official)


Желі қолданушыларының басым бөлігі Сейфуллинге “фонограмманың арқасында жүр” деп кінә таққан.
“Дым даусы жоқ, тақпақ айтып жатыр ма, осындайларды сахнадан қуу керек, фонограммамен айтып, халықты алдайды”, – деп сынады Жарқын Бекетаев есімді желі қолданушысы.

“Дауыс расында да жоқ, енді мойындау керек”, – деп оның сөзіне қосылды Жандос есімді азамат.
Ал кей оқырмандар болса, керісінше, жанды дауыста айтып ұятқа қалғанша, фонограмманың көмегіне жүгінуге кеңес берген.

“Даусы жоқ әншілер, осылай өздерін мазақ қылып шықпай-ақ, фонограммамен айта беріңдерші өтініш”, – дейді Гүлназ Ахаубаева.

Бейбіт Көшқалиев болса Сейфуллин Жолбарыстың талай мәрте өз талантын мойындағанын айтып, әріптесін ақтап алуға тырысты.

“Енді бүгін сондай боп қалған шығар. Бұл Кісі 100% жанды дауыста, музыканттармен “Азия Дауысын” жеңіп алған. Кезінде Асылбек Еңсеповке жазған музыкаларын қарап шықсаң, мынадай жазбас едің. Сен демек түсінбейсің! Бетіне барып айта алмасаң, мында жазба, анау- мынау деп. Ұят болады!” – деп жауап берді ол Instagram қолданушыларының біріне.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
16.11.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар