Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жандос Айбасовтың жаңа сүйіктісі туралы не білеміз (фото)

Жандос Айбасов танымал суретшімен көңіл қосты. Ол осы уақытқа дейін Айсұлу Әзімбаевамен кездесіп жүрген болатын.

000000

Фото: instagram.com/marinakarpykova/?hl=ru

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Актер осы уақытқа дейін Айсұлу Әзімбаевамен көңіл жарастырып жүрген болатын. Көп адам олардың тойы болады деп күткен-ді. Алайда араларынан қара мысық жүгіріп өтіп, екеуі айырылысу туралы шешім қабылдайды. Не себепті бұлай жасағандары әзірге белгісіз.

Қазір Жандос Айбасов танымал суретші Марина Карпыковамен кездесіп жүр. Ол Алматы қаласында дүниеге келген. Халықаралық Бизнес университетінде “Қаржы және несие” мамандығын тәмамдаған. Дәл қазір Buro24/7 жобасында фотограф болып жұмыс істейді. Айналасындағылар оның ашық-жарқын, салауатты өмір салтын ұстанатын, мақсатына жетпейінше тынбай еңбектенетін жан екенен айтады.

_90608121_dutchman-2

00

“Физиологиясы мен психологиясы бөлек адамдар бір-бірін түсіне алмайды. Әйел мен ердің мінезін құрастыратын гормондар әртүрлі болады. Ерлер шешім қабылдауда ақылға ерік берсе, әйелдер эмоцияға беріліп, істің соңын ойламайды. Ерлердің жарты шарлары кезегімен, әйелдердікі бір уақытта жұмыс істейді. Тіпті логикамыз да әртүрлі. Сондықтар әр жұп қиындықтарын өздері ғана шеше алады.

Әйел адам ешуақытта толығымен өзін отбасына арнамауы тиіс. Оның өзіндік қызығушылықтары мен жеке өмірі болуы керек. Махаббаттың сақталу мерзімі бар деп жатады. Бұл бос сөз. Егер оны қорғап, қоректендіріп, тұншықтырмайтын болсаң, ғұмырының ұзақ болары сөзсіз”, – дейді Марина Карпыкова Мenshealth.kz басылымына берген сұхбатында.

Ғашықтар өзгелердің тойына қол ұстасып барса да, өздерінің тойы қашан болатынын әзірге белгілемеген. Желі қолданушылары олардың жарасымды жұп екенін айтып, тойларын асыға күтетіндерін жеткізді. “Тамаша жұп! Бақыт тілеймін!”, “Құдайым-ау, неткен сұлусыңдар!”, “Жаратқан тіл-көзден сақтасын”, “Бір кішкене суреттің өзінен жылылық пен бақыттың лебі сезіледі” дейді олар.


Жіберіп алмаңыз:

Актер Жандос Айбасов халыққа жаңа сүйіктісін таныстырды (фото)

Махаббаттарының ғұмыры қысқа болған қазақстандық жұлдыздар

Қазақ сахнасындағы шаңырағы шайқалған жұлдыздар

Жұлдыздар алғашқы махаббаттарын еске алды

Талқылау