Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жәндіктер мен жануарлар жаратылысының сіз білмейтін таң қаларлық құпиялары (фото)

Неліктен кей маймылдардың мұрны үлкен, әрі ұзын болып келеді? Ал, не себепті құмырсқалар дернәсілдерінің қанын ішетінін білесіз бе? Жарқанаттар қалай көбейеді? Осы жайлы хабардар болыңыздар.

Бұл туралы www.nat-geo.ru хабарлайды.

5197179899_dfdfe44d9a_b

Маймылдардың аталығы мұрындарымен ерекшеленеді. Маймылдың бұл түрі Борнео аралында мекен етеді. Биологтар олардың жаратылысы ерек мұрнының қызметін әлі нақты анықтай алған жоқ. Алайда, олардың мұрны қатты дауыс шығаруға қолайлы. Маймылдардың аталығы бір-бірімен бәсекелесіп, мұрны арқылы дауыс шығарады. Қайсысының дыбысы қатқыл шықса, сол жеңген болып есептеледі. Сондықтан неғұрлым маймылдың мұрны үлкен болған сайын – олар қатқыл үн шығара алады.

25505

Диплоподы тобына жататын Illacme plenipes көпаяқты жәндіктер барлық жаратылыс атаулыдан аяғының көптігімен ерекшеленеді. Олардың 375 жұп, яғни, 750 аяғы бар.

71a7691ff602ca78836653497fda250d

Африкалық түйеқұстың өзге құстардан ерекшелігі – олардың жыныс мүшесі адамдардың жыныс мүшесіне ұқсайды. Адамның  эрекция кезінде мүшесі қанға толатын босла, тұйеқұстардың мүшесі лимфатикалы сұйықтыққа толады. Олардың эрекция уақыты бірнеше секундтар аралығында ғана болады.

Trichobatrachus_robustus_1

Түкті бақаның өзіндік құпиясы бар. Оның тері ішінде жасырын тырнақтары болады. Ол өзіне төнген қауіпті сезгенде, тырнақтарын шығара алады. Кейін қайта тері ішіне кіргізіп алады.

Қытайдың кейбір аймақтарында Leptobrachium boringii деп аталатын мұртты құрбақалар кездеседі. Көбею кезінде олардың ауыз айналасында мұрттары шыға бастайды. Осы арқылы құрбақалар өзге бәсекелестірінің ішінен ұрып теседі.

c68a0596da069334b4789209f162cac6

АҚШ пен Мексикада сиырлардың улы астрагала өсімдігін жеген соң, олардың қалыптан тыс өзгеше ұстайтындарын көруге болады. Ондай жағдайда сиырлар кішкене ағаштан да секіріп өтеді.

81212abfdd7a

Оңтүстік Шығыс Азияның жарқанаттары жыныстық қатынасқа аузы арқылы түседі. Олар әдетте қазан, қараша, ақпан және наурыз айларында қатынасқа түседі.

997f021bd9569611d6d43f170dd2fa50

2008 жылы ғалымдар теңіз мысығы мен пингвиндердің жыныстық қатынасқа түскенін айтқан. Олар бұл жайтқа бірнеше рет куә болып, камераға түсіріп алған. Тіпті пингвиннің жыныстық қатынасқа түскен соң желінгені де белгілі болған.

Пингвиндер өздерінің негізгі қорегі – балықтардың дәмін сезбейтін көрінеді. Ғалымдарыдң зерттеуінше, олар тек тұзды мен қышқылдың дәмін ажырата алады екен. Ал, балықты тұтастай жұта береді.

QwRAW_CclaY

Adetomyrma тұқымдасына жататын құмырсқалар өзінің дернәсілдерінің қанымен қоректенеді екен. Бірақ, одан дернәсілдерге ешқандай зиян тимейді. Өйткені құмырсқалардың белі өте жіңішке болатындықтан олар сұйықтықтан басқа ешнәрсемен қоректене алмайды.

Талқылау