Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жандарбек Бұлғақов әйелді артық салмақтан арылтудың оңтайлы тәсілін айтты

Отандық бағдарламалардың бірінде Жандарбек Бұлғақов отбасына қатысты сауалдарға жауап берді. Осы орайда, ол әйел адамға толып кеткенін сыпайы жеткізудің тәсілін айтты.

6867ffbb1516553a66022f947bcbd916

Бұл туралы «Әйел бақыты» бағдарламасында айтылды.

– Сапарда жүргеніңде келіншегің саған айтпай төркіндетіп жүр. Сапардан шаршап келдіңіз. Үй жиналмаған, тамақ дайын емес. Үйдің іші қаңырап бос тұр. Мұндайда не істейсің?

– Менің өмірімде мұндай жағдай болған емес. Болмайтынын өзіңіз де біліп тұрсыз. Бірінші 112 нөміріне хабарласатын шығармын. (Күлді.) Көз алдыма елестетіп тұрмын, өте қиын жағдай екен. Кеткен себебіне байланысты сөйлесеміз. Үйді шұғыл шаруа болғандықтан қаңыратып тастап кетті деп ойлаймын. Емін-еркін, еш себепсіз кетіп қалса, қатты-қатты сөйлесемін.

– Соңғы уақытта келігшегіңіз толып, артық салмақ қосып алды. Бос уақыты болса да, жалқауланып өзіне қарамайды. Шашы майланып, дене бітімі өзгерді. Оның өзіне қарауы керектігін жеңіл жолмен қалай жеткізесің?

– Сіздің сұрақтарыңыздың барлығы маған кереағар болып жатыр. Өйткені әйелім керісінше салмақ жинай алмай жүр еді. Толып кетсе, жақсы фитнестің абонементін алып, әдемі қорапшаға салып сыйлаймын.

Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.


Жіберіп алмаңыз:

Бақытты азаматтар әйелін ұратын жігіттерге кеңес берді

Жандарбек Бұлғақов: Еркектер серіктес болып босануды көтере алмайды

Түркістандық азамат көңілдесінен бала туған әйелін кешірмек

Қытайлық жанкүйерлер Димашқа “Ұмытылмас күн” әнін шырқап берді (видео)

Талқылау