Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жаңбыр соңы қарға ұласады: Еліміздің үш облысында дауылды ескерту жарияланды

Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарында дауылды ескерту жарияланды. Күндіз 17 қазанда Қызылорда облысында жаңбыр жауады.

Қазгидрометтің мәліметі бойынша, 18 қазанда жауын-шашын күтіледі, кей жерлерде жаңбыр соңы қарға ұласады. Батыстан соққан желдің екпіні 23 м/с-қа күшейеді. Күндіз 18 қазанда ауа температурасы 5-10, кей жерлерде күрт 15 градус жылы болады. 18 қазанда тәулік бойы, 19 қазанда түнде Оңтүстік

Қазақстан облысында жауын-шашын күтіледі (жаңбыр жауып, соңы қарға ауысады). 18 қазанда күндіз, 19 қазанда түнде жаңбыр жауады. 18 қазанда оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 23-28 м/с-қа күшейеді, ауа температурасы 5-10 градус жылы, кей жерлерде 15 градус жылы болады.

18 қазан күндіз, 19 қазан түнде Жамбыл облысында жаңбыр күтіледі. 18 қазан тәулік бойы, 19 қазан түнде оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 23-28, оңтүстік-батыста 30 м/с-қа күшейеді. Күндіз ауа температурасы 10-15 градус жылы, кей жерлерде сынап бағанасы 7 градус жылыны көрсетеді. Дабылды ескертудің ықтималдылығы – 90-95%.

Тағы да оқыңыз:

Ақтөбелік кәсіпкер анасы рактан қайтыс болған балаларға 2-қабатты зәулім үй салып берді (фото)

Қазақстандықтарға телефонының тыңдалымға қойылғандығы жөнінде қашан айтылады

Сирияда өлтірілген бүлікші әйел ұлын бас кесуге 12 жыл бойы үйреткен

Талқылау