Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жанболат пен Жазираның ұлы ән айтып, елді таңдай қақтырды (видео)

Жанболат пен Жазираның жалғыз атұстары Қазбек бүгінде ата-анасының директоры қызметін атқарады. Биыл ғана жоғары оқу орнын тәмамдаған жігіт Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде білім алған. Бүгінде білімін шыңдау үстінде. Күні кеше Жазира Байырбекова ұлының ел білмейтін талантын ашты, деп жазады Stan.kz.

Жанболат пен Жазираның ұлы ән айтып, елді таңдай қақтырды (видео)

Байырбекова шетелге жарысқа кеткен ұлының ән айтқан видеосын жариялады.

“Бойына ақылды да, сабырды да, мейірімді де, мәдениетті де, дауысты да берген Аллама сансыз шүкір! Мынадай дауысы бола тұра “мен әншімін” демей жәй ғана шырқап қойып жүргенін айтсаңызшы. Сіздерге де осындай жақсылығы 10 баланың жақсылығына татитын адал перзент тілеймін! Елге аман есен орал, Қазекем!” – деп жазды ол.

Бейнежазбада Жанболат пен Жазираның атұстары ағылшын тіліндегі әнді гитараның сүйемелдеуімен шырқаған.

Желі қолданушылары Қазбектің даусына қайран қалып, одан жақсы әнші шығатынын айтқан.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Жанболат & Жазира (@zhanbolatzhaziraa)

“Мына дауыспен ұлыңыз жұлдызбын деген әншілерді шаң қаптырып кетеді ғой”, “Даусы қандай керемет, сіздерге тек жақсылығын көрсетсін”, “Жарайсың, Қазеке”, – деп пікір білдірді олар.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау